1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 329 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 64 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы |
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Жоба: 1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 3-тармағын іске асыруға; 2. Республикалық бюджет комиссиясының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 11 хаттамасына сәйкес әзірленген. |
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Республикалық бюджет комиссиясының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 11 қорытындысының хаттамасына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – «ҰИХ «Бәйтерек» АҚ) 2025 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша дивидендтер төлеуден босатылуына және «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «ҰҒОО» ЖШС) 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қатысу үлесіне таза кірістің бір бөлігін төлеуден босатылуына қолдау көрсетілген. |
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаның мақсаты купондық сыйақы төлеуді және негізгі борышты өтеуді қоса алғанда, құқықтық мирасқоры «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ болып табылатын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы тартқан қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау үшін «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ қажетті өтімділікпен қамтамасыз ету болып табылады. «ҰҒОО» ЖШС бойынша Жобаның мақсаты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың азаймайтын қорын қалыптастыру болып табылады. |
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |
«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 329 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 64 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
Ұқсас материалдар
«Мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде табыстау актілерін, сондай-ақ бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын қалыптастыру, қол қою және бекіту жөніндегі пилоттық жобаны мемлекеттік мүлік тізілімінде іске асыру мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы
1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде табыстау актілерін, сондай-ақ бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын қалыптастыру, қол қою және бе...
«Мемлекеттік мүлік тізілімінде республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті алып қою немесе қайта бөлу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы
1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Мемлекеттік мүлік тізілімінде республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті алып қою немесе қайта бөлу жөніндегі пил...
Қарағанды облысы тұрғындарының сұрақтары
1 Электрондық аукциондарда лоттарды қарау кезінде E-qazyna порталында шектеулер, тыйым салулар және т.б. тұрған мүліктер, атап айтқанда автокөлік құралдары бар. Оларды қалай алып тастауға болады және бұл мүлікті сатып ал...
2026 жылғы 25 қыркүйекте Шымкент қаласы тұрғындарымен өткен кездесудің қорытындысы бойынша өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
№ өзектімәселе Өңір Орындаушы Орындаумерзімі Мәртебесі 1 «Sin Yuan Steel» ЖШС-нің құрылтайшылары инвестиция тартып Шымкент қаласында ен ірі өндірістік кәсіпорнына айналды, алайда заң талабына сәйкес рұқсат ету құжаттары...
Мемлекеттік мүлік тізілімінде таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-тармағына, 14-бабының 23-2) тармақшасына және 130-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлік тізілімінде таратылған...
«Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: «Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығына (Нормативтік құқықт...
Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қоғамдық талқылаудың хаттамасы
Шымкент қаласы 12 маусым 2026 жыл Төрағалық етуші: Сарыпбеков Канат Нургалиевич – басшының орынбасары; Қатысқан жұмыс тобының мүшелері: Анартаев Серик Елеусизович – Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің...
Аналитическая справка gо результатам внутреннего анализа коррупционных рисков за 1 полугодие 2026 года Департамента государственного имущества и приватизации города Шымкент
Шымкент қ. 25 маусым 2026 жыл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің (бұдан әрі – Департамен...