«Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

    «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінбекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:

    мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

    «2-1. Бюджет кодексінің 101-бабының 1-тармағына сәйкес, бюджеттің цифрлық теңге нысанындағы шығыстар бойынша атқарылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

    Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау процесінде цифрлық теңгені пайдалана отырып жасалатын операциялар Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында, сондай-ақ осы Рәсімдердің 6 және 7-тарауларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.»;

    59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «59. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізілген бюджеттік мониторинг негізінде тоқсанына бір реттен асырмай тоқсанның бірінші айының жиырма бесінші күніне дейін, төртінші тоқсанда ағымдағы қаржы жылының бірінші қазанынан кешіктірмей Бюджет кодексінің 98-бабының 2-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджет құрылымын өзгертпей, Республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныстар енгізеді.»;

    183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «183. Мемлекеттік мекеме мынадай:

    1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервтерінен қаражат бөлу;

    2) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың және/немесе Инфрақұрылымдық даму қордың, қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша қаржыландыру көзі өзгерген. Бұл ретте, негізгі шартты тіркеусіз Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың және/немесе Инфрақұрылымдық даму қордың қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша қосымша келісімдер мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркеуге жатады.

    3) Бюджеттік бағдарлама бойынша Бюджет кодексінің 76-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынастары жағдайларын қоспағанда, міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспары шегінде бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде шарт және/немесе қосымша келісім жасасады.

    Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінімге осы Рәсімдердің 209-тармағына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың және/немесе Инфрақұрылымдық даму қордың қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған шарт бойынша төленген міндеттемелердің сомасы қосымша көрсетілетін түсіндірме жазба қоса беріледі.

    Бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан және/немесе Инфрақұрылымдық даму қордан қаражат бөлінген жағдайда, қосымша келісім мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркеусіз жасалады.

    Мемлекеттік мекеме бір ақша алушымен бірнеше бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша шарт жасасқан кезде шартта әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) немесе шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша бөле отырып, жалпы сомасын көрсетеді.

    Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын шарт жасасқан кезде мемлекеттік мекеме жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген мөлшерде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жыл сайынғы сомалары бар бюджеттік кіші бағдарламаларды міндетті түрде көрсетуді қамтамасыз етеді.»;

    185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «185. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:

    алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуін көздейтін шығыстарды төлеу үшін елу пайыздан;

    Мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйелерін құру және пайдалануға беру жөніндегі шығыстарды және ұшқышсыз ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған жаңа буынның орта сыныпты ғарыштық мақсаттағы зымыран базасында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жөніндегі шығыстарды төлеу үшін елу пайыз;

    осы тармақта көзделген шығыстардың тізбесіне енбейтін шығыстарды төлеу үшін отыз пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.

    Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 155 «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегi қызметтердi төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге тек үкiметтiк емес ұйымдарға ғана мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындаған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.»;

    210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «210. Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы Рәсімдердің 209-тармағында көзделген құжаттардан басқа, «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде осы Рәсімдерге 64 және 74-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған сканерленген үлгілерін тіркей отырып) мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді мынадай құжаттарды:

    1) заңды тұлға үшін:

    заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың (электрондық үкімет порталынан) көшірмесі/резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесін;

    нөмірін көрсете отырып, банктік шотының бар екені туралы банктің анықтамасын. Бюджеттің атқарылуы Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша - цифрлық шотының бар екендігі туралы анықтама;

    2) жеке тұлға үшін:

    кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде ісін бастау туралы хабарлама көшірмесі/«Электрондық үкімет» веб-порталынан немесе «Е-лицензиялау» порталынан растау, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызмет етуге құқық беретін уәкілетті органмен берілген лицензия немесе «Электрондық үкімет» веб-порталынан немесе «Е-лицензиялау» порталынан растау;

    нөмірін көрсете отырып, банктік шотының бар екені туралы банктің анықтамасын. Бюджеттің атқарылуы Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша - цифрлық шотының бар екендігі туралы анықтама;

    3) делдал банк үшін (делдал банк арқылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге төлемдерді ұлттық валютада жүргізу кезінде):

    делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжатты;

    4) ақшаны шетел валютасында алушы үшін:

    бенефициардың, бенефициар банктің, делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжатты (ол болған кезде);

    ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хатын қоса бере отырып ұсынады.

    Тыйым салынған және тәркіленген мүлікті сату жөніндегі аукцион қатысушыларына кепілдендірілген жарнаны қайтару туралы өтінімді ресімдеу кезінде «Қазынашылық-клиент» ЦЖ-да жоғарыда көрсетілген құжаттар қосымша берілмейді, аукцион қатысушысынан соманың түсу фактісін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі қоса беріледі.

    Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде ақша алушының деректемелері, оның ішінде цифрлық шоттың деректемелері өзгерген (болмаған) жағдайда, мемлекеттік мекеме өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тиісті құжаттарды (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып) қоса бере отырып, осы Рәсімдерге 67 және 76-қосымшаларға сәйкес ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде береді.

    Осы Рәсімдерге 64, 67, 74 және 76-қосымшаларға сәйкес өтінімді толтырған кезде жеке тұлға үшін «Ақша алушының атауы» ашық жолағында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкерді ретінде ісін бастау туралы хабарлама/«Электрондық үкімет» веб-порталынан немесе «Е-лицензиялау» порталынан растауына сәйкес атауы көрсетіледі.

    Ақша алушы қайта ұйымдастырылған кезде растау құжаттарын ұсына отырып осы Рәсімдерге 65 және 66 қосымшаларына сәйкес өтінім толтырады.

    Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің және жасалуының шынайылығына, дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.

    Электрондық үкімет порталынан растау құжаттарының қолданылу мерзімі күнтізбелік он күннен аспайды.»;

    213-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) «Мемлекеттiк мекеменiң атауы» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi;»

    213-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) ««Ақша алушының атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), жеке сәйкестендіру коды (бюджеттің атқарылуы Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша ақша алушының цифрлық шотының жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі), ақша алушы банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды» ашық жолағында заңды тұлға үшін толық атауы және жеке тұлғаның толығымен тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) бар болса дара кәсіпкер ретінде ісін бастау туралы хабарлама/«Электрондық үкімет» веб-порталынан немесе «Е-лицензиялау» порталынан растау, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызмет етуге құқық беретін уәкілетті органмен берілген лицензия немесе «Электрондық үкімет» веб-порталынан немесе «Е-лицензиялау» порталынан растау, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және оның банктік деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің жеке сәйкестендіру коды, атауы және банктік сәйкестендіру коды) көрсетіледі; мемлекеттік қазынашылық органының, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің жұмысын қиындатпайтын мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің атауын және ұйымдық-құқықтық нысанының атауын қысқартуға жол беріледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шетел валютасында жасалған шартты тіркеген жағдайда, осы жолақта резидент еместің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс ұлттық валютада одан әрі төлемді көздейтін шартты тіркеу кезінде осы жолақта жолақта делдал-банктің деректемелері көрсетіледі;

    «Қазынашылық-клиент» ЦЖ-да «Ақша алушының атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), жеке сәйкестендіру коды, ақша алушы банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды» ашық жолағы Ақша алушылардың анықтамалығынан таңдап алынады;

    218-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «218. Мемлекеттік қазынашылық органы мемлекеттік қазынашылық органдарына қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша электрондық түрде тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді):

    1) мемлекеттік мекеме атауының көрсетілу дұрыстығына;

    2) Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік кодының және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен жасалған шартты тіркеу кезінде тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) түрлерінің кодының және атауының болуына және дұрыстығына;

    3) шарт мәнінің шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстар бағытына сәйкестігіне;

    4) аванстық төлем пайызының осы Рәсімдерде белгіленген мөлшерден асып түспеуіне;

    5) жазумен көрсетілген соманың санмен көрсетілген сомаға сәйкестігіне;

    6) қағаз тасығыштағы шартқа (қосымша келісімге) қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне, бұл ретте қолдар жарыққа төзімді сиялармен қойылады. Мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің бедері дәл және анық қойылады. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, мөр бедері дәл және анық қойылады. «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің анықтығы тексеріледі;

    7) шарт сомасының қабылданбаған міндеттемелер сомасынан асып кетпеуіне;

    8) қолданылу мерзімі тек осы Рәсімдерде көзделген жағдайларда ғана ағымдағы қаржы жылынан асатын қосымша келісімдердің, сондай-ақ шарттардың жасалуына;

    9) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың жалпы сомасын тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөлісудің бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады;

    10) шарттың (қосымша келісімнің) талаптарын қолмен қандай да бір түзетулерге не дұрыстауға жол берілмейді;

    11) егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, шарт (шарт сомасын өзгертуге арналған қосымша келісім) талаптарында сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер және жұмыстар бойынша қосылған құн салығы сомасын міндетті түрде көрсетудің болуы егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, қосылған құн салығының болмауы;

    12) шарттың, оны мемлекеттік қазынашылық органы міндетті тіркегеннен кейін күшіне ену талаптарының шартта болуы;

    13) ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт сомасының жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысында немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысында көзделген сомасынан асып түспеуі;

    14) ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт бойынша жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы немесе олардың қолданылу мерзімі кезеңінде техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы көшірмесінің немесе сканерленген түрінің ұсынылуы;

    15) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт бойынша сараптама сомасының және жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы бұйрықтың сәйкестігіне;

    16) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есебінен іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шартта орындаушы Ұлттық ғылыми кеңестің оң шешімін алғаннан кейін түпкілікті төлемді жүзеге асыру міндетті шартының болуы;

    17) шетел валютасындағы келісім-шарттың мәні 8-08 «Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі» нысанындағы шығыстардың рұқсат етілген бағыттарының сәйкестігіне;

    18) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар қолданылмайтын тауарларды (жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған шарттар бойынша шарттың кіріспесінде шарт жасалған Қазақстан Республикасының Заңының бабына (тармақшасына, тармағына) сілтеме міндетті түрде көрсетілуі бар болуы қажет;

    19) бюджеттің атқарылуы Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша шарт (қосымша келісім) жасасу кезінде цифрлық шот деректемелерінің ббар-жоғына тексеруді жүзеге асырады.»;

    220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «220. Мемлекеттік қазынашылық органы өтінімді мыналарға:

    белгіленген нысанға сәйкестігіне;

    өтінім деректемелерінің шарт деректемелеріне сәйкестігіне;

    шығыс сипаттамасының шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыс бағытына сәйкестігіне;

    мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестігіне;

    ақша алушы деректемелерінің Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестігіне;

    өтінімдегі қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар қағаз тасығыштағы құжатқа сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады.

    «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде:

    осы Рәсімдердің 206, 207, 208, 209, 211 және 217-тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;

    жазылған соманың санмен берілген сомаға сәйкестігіне;

    шартты бірнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір бюджеттік сыныптамасының коды бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде жасасқан кезде, барлық өтінімдердің бір уақытта берілуіне;

    түсіндірме жазбасы негізінде «Қазынашылық-клиент» ЦЖ-дағы шартты тіркеу туралы соңғы хабарламаны көрсете отырып өтінімді қарау нысанында «Өтінім түрі» жолағын толтыру болуын тексеруді жүзеге асырады.

    «Қазынашылық-клиент» ЦЖ-дағы өтінімдерді қарау нысанында түсіндірме жазбаға сәйкес «бұзу» белгісінің болуы (мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартты бұзған кезде).

    Бюджеттің атқарылуы Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша шарт (қосымша келісім) жасасу кезінде цифрлық шот деректемелерінің бар-жоғына тексеру жүзеге асырылады.»;

    230-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) төлемдерді ақша алушылардың пайдасына жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын;

    Бюджеттің атқарылуы Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша ақша аудару ақшаны алушылардың цифрлық шоттарына жүзеге асырылады;»;

    234-тармақтың үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) заңды тұлға үшін:

    заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің/анықтаманың (электрондық үкімет порталынан) көшiрмесiн/салық төлеуші ретінде резидент еместі тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесін;

    нөмірін көрсете отырып, банк шотының бар болуы туралы анықтаманы. Бюджеттің атқарылуы Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша - цифрлық шотының бар екендігі туралы анықтама;

    2) жеке тұлға үшін:

    дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның немесе жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензияның көшірмесін. Осы құжаттардың көшірмелері «электрондық үкімет» веб-порталында және/немесе «Е-лицензиялау» веб-порталында қалыптастырылған хабарлама арқылы ұсынылады;

    нөмірін көрсете отырып, банктік шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасын. Бюджеттің атқарылуы Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша - цифрлық шотының бар екендігі туралы анықтама;»;

    236-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «236. Сағат 16.00 (он алты) дейін түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шот оны мемлекеттік қазынашылық органы қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындалады. Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, төлеуге берілетін шоттарды орындау үшін тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қазынашылық органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған хат негізінде оны қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеуге берілетін шот орындалмай қайтарылуға тиіс.

    Мемлекеттік қазынашылық органына мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00 (он алты) кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.

    «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша электронды түрде түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.

    Қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот және «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот:

    1) төлеуге берiлетiн шоттың нысаны мен мазмұны бойынша осы Рәсімдерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;

    2) растайтын және осы Рәсімдерде көзделген өзге құжаттардың мазмұны бойынша осы Рәсімдерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

    3) мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын (корпоративтік төлем карточкасын) толықтыру үшін сомаларды аудару бойынша шектеуді арттырған;

    4) ұсынылған МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматтарындағы электрондық хабарлама деректері төлеуге берілетін шоттың мынадай – деректеріне сәйкес болмаған:

    атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы;

    төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматтарындағы электрондық хабарламаларының жалпы сомасы;

    төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты;

    5) түзетулермен, оның iшiнде қолмен түзетiлiп ұсынылған;

    6) осы Рәсімдерде көзделген растау құжаттары, оның iшiнде электрондық тасығыштарда қосымшасыз немесе мемлекеттік мекеме басшысының немесе уәкілеттік берілген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылмаған қосымшамен (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;

    7) талап етiлген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi болмаған;

    8) қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шотын ұсынған кезде қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi қойылған қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжатқа сәйкес келмеген;

    9) құжаттың барлық даналарындағы талап етiлген жолдарда мөр бедерi дәл (анық) қойылмаған;

    10) санмен көрсетiлген сома жазылған сомаға сәйкес келмеген;

    11) төлеуге берiлетiн шоттарда көрсетiлген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер қазынашылықтың бiрiктiрiлген цифрлық жүйесіне енгiзiлген деректерге сәйкес келмеген;

    12) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына, бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасына сәйкес келмеген;

    13) банктік деректемелерді қоспағанда, төлеуге берiлетiн шоттар деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Рәсімдерде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрi жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелерiне сәйкес келмеген;

    14) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиiстi кезеңдегi (өспелi қорытындылармен) төлемдерi бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен, сондай-ақ төлем сомасы растайтын құжаттардың сомасынан асып кеткен;

    15) аванстық төлем пайызы осы Рәсімдерде көзделген мөлшерiнен асып кеткен;

    16) қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген;

    17) төлеуге берiлетiн шоттың қолданылу мерзiмiнен асатын мерзiмде ұсынылған;

    18) ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттар саны төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санға сәйкес келмеген;

    19) осы Рәсімдерге 140, 141, 142, 143 және 144-қосымшаларына сәйкес төлем форматындағы қателерді анықтау;

    20) сот актілерін орындау жөніндегі мемлекеттік мекемелер ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттарымен берілетін сот актілерінің төлеуге берілетін шотының деректеріне сәйкес келмеген;

    21) тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлеуге берілген шоттың электронды түрі қате таңдалған (төлеуге берілетін шоттың шартты тіркеу туралы хабарламамен келісілмеуі);

    22) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктері бойынша азаматтық-құқықтық мәміле тіркелмеген төлемдер мен ақша аударымдарын ақша алушының пайдасына жүзеге асыруға төлеуге берілетін шотты ұсынған;

    23) осы рәсімдердің 251-тармағының төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, электрондық шот-фактураларды электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесімен интеграциясыз ұсыну;

    24) ағымдағы қаржы жылында аванстық төлемдер жүргізу кезінде өткен жылдардың өтелмеген авансының болған жағдайларда;

    25) Ақша алушылардың анықтамалығында ақша алушының цифрлық шотының деректемелері болмаған жағдайда мемлекеттік мекемеге орындаусыз қайтарылады (қабылданбайды).

    Мемлекеттік қазынашылық органы төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде жоғарыда аталған жағдайларға сәйкестігіне және қосымша бұрын төленген авансты пропорционалды ұстап қалуға және мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдерде көзделген шарт сомасының 5 (бес) пайызы мөлшерінде кепілдік жарнаны ұстап қалуға ағымдағы бақылауды осы Рәсімдерге 78, 79, 80 және 81-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырады.

    «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде осы Рәсімдердің және Пайдаланушының нұсқаулығының талаптарына сәйкессіздігі анықталған кезде, төлеуге берілетін шот осы Рәсімдердің тиісті тармақтарына және Пайдаланушының нұсқаулығына сілтеме жасап, қабылдамау себебін көрсете отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.

    Қабылдау кезеңінде қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шотта осы рәсімдердің талаптарына сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада – мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот мемлекеттік қазынашылық органы басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.

    Құпия.»;

    238-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «13) «Жеке сәйкестендіру коды» ашық жолағында ақша алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі.

    Бюджеттің атқарылуы Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша ақша алушының цифрлық шотының жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі;»;

    387- тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындаудың уақытылығы мен толықтығы. Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісі ақша алушының пайдасына ақша алушылардың цифрлық шоттарына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етеді;»;

    392-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «392. Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде ақша алушы болмаған кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторы қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша электрондық түрде осы Рәсімдерге 64-қосымшаға сәйкес ақша алушыны ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге өтінім береді.

    Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісі осы Рәсімдерге 64-қосымшаға сәйкес ақша алушыны ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімге қосымша цифрлық шоттың бар екені туралы анықтаманы ұсынады.

    Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде ақша алушының деректемелері болмаған және/немесе өзгерген кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторы қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша осы Рәсімдерге 67-қосымшаға сәйкес ақша алушылардың анықтамалығына ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінім береді.

    Бюджет кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын шығыстар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісі осы Рәсімдерге 67-қосымшаға сәйкес ақша алушылардың анықтамалығында ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімге қосымша цифрлық шоттың бар екені туралы анықтаманы ұсынады.

    Квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторы ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің дұрыстығын, дұрыс ресімделуін және жасалуын қамтамасыз етеді.»;

    420-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «420. Құрылысқа байланысты бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезінде бас мердігердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алумен байланысты төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бас мердігердің № 208 қаулыда белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдықтары шегінде келесі шарттар сақталған кезде жүргізіледі:

    1) бас мердігердің төлем тапсырмасын қалыптастыруы үшін төлем сертификаты («Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша қызмет көрсету кезінде түпнұсқадан сканерленген кескін ұсынылады), электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінен «Қазынашылық-клиент» ЦЖ-ға интеграцияланған электрондық шот-фактура негіз болып табылады;

    2) 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша үстеме шығыстарды төлеуді қоспағанда, бас мердігердің мемлекеттік қазынашылықта ашылған сатып алудың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан оның екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарына үстеме шығыстарды төлеуіне жол берілмейді.

    2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша мемлекеттік қазынашылықта ашылған сатып алудың бақылау-қолма-қол ақша шотынан бас мердігердің үстеме шығыстарды төлеуі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес төлем тапсырмасы және төлем сертификаты негізінде екінші деңгейдегі банктерде ашылған оның шоттарына жүзеге асырылады;

    3) 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша ағымдағы шығындарды өтеу жағдайларын қоспағанда, бас мердігердің меншікті қаражаты есебінен мемлекеттік қазынашылықта ашылған сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан екінші деңгейдегі банктерде ашылған бас мердігердің шоттарына жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеуге жол берілмейді.

    Бас мердігердің 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде төлем тапсырмасын қалыптастыруы жүргізілген шығындарды көрсете отырып, төлем сертификаты негізінде («Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша қызмет көрсету кезінде түпнұсқадан сканерленген кескін ұсынылады) жүзеге асырылады.

    Бұл ретте, тапсырыс беруші мен бас мердігер арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванстық төлем шарттары болмаған кезде ғана сатып алудың қолма-қол ақшасының бақылау шотынан екінші деңгейдегі банктегі бас мердігердің шоттарына өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеуге жол беріледі;

    4) қызметкерлерге жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға олардың екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы немесе жинақ шоттарына, міндетті зейнетақы жарналарына, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік жарналарға, ерікті зейнетақы жарналарына және әлеуметтік аударымдарға, міндетті зейнетақы жарналарына және (немесе) жарналарына басқа да төлемдерді аудару бойынша төлемдер жүргізу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру, «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша сақтандырудың жинақтаушы түрінің шарттары бойынша төлемдер төлем тапсырмасының электрондық кескініне төлем сертификаты және осы Қағидаларға 140, 141, 142, 143 және 144-қосымшаларға сәйкес төлемдердің электрондық форматындағы ақша алушылардың тізімдері бекітіледі және бас мердігер мен бухгалтердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады;

    5) бас мердігердің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуі төлем тапсырмасы мен төлем сертификаты негізінде жүзеге асырылады;

    6) бас мердігердің (консорциумның негізгі қатысушысының) мемлекеттік қазынашылықта ашылған сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосалқы мердігерлердің (консорциумның қатысушыларының) және (немесе) өнім берушілердің шоттарына аванстық (алдын ала) төлемді аударуы төлем сертификаты негізінде жүзеге асырылады;

    7) аванстық төлемдерді сатып алудың бақылау қолма-қол шотынан жүргізу кезінде бас мердігер контрагенттермен жасалған барлық шарттардың (жеткізуші, қосалқы мердігер) көшірмелерін ұсынуы тиіс, олар шарт (қосымша келісім) шеңберінде қазынашылық сүйемелдеуге жатады.

    Бас мердігер, бас мердігер мен контрагент (жеткізуші, қосалқы мердігер) арасында жасалған шартта көзделген мөлшерде контрагенттерге (жеткізуші, қосалқы мердігер) сатып алудың бақылау қолма-қол шотынан аванстық төлемдерді аударуды жүзеге асырады.

    Бұл ретте, сатып алудың бақылау қолма-қол шотынан бас мердігердің контрагенттер тізіміне енгізілмеген контрагенттер (жеткізуші, қосалқы мердігер) пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуіне тыйым салынады;

    8) бас мердігерлер осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік қазынашылық органдарына төлем тапсырмасын ұсынуды қамтамасыз етеді;

    9) бас мердігер төлем тапсырмасын толтырған кезде «Төлемнің мақсаты» жолында төлемнің мақсаты, тапсырыс беруші мен бас мердігер арасында жасалған шарттың нөмірі мен күні, растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні көрсетеді.

    Мемлекеттік қазынашылық органдары бас мердігердің сатып алудың бақылау қолма-қол шотынан төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.».

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

    3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Жүктеу
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы
    DOCX · 174 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    "Бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Тізбе

    Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті Шет аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Елдің қаржы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыты ретінде цифрландыру

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Бұйрық

    «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидала...

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Құжат

    2026 жылдың қараша айына Салық күнтізбесі

    Салық есептілігінің күндері 16 қарашадан кешіктірмей: 101.00 нысан Резиденттің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп 101.04 нысан Бейрезиденттiң кірісінен төлем көзiнен ұсталатын корпор...

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Статистика

    Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышы, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш (2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша)

    Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышы, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш (2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша)

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің АҚПАРАТЫ

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қаржы министрлігі бизнеске арналған жаңа онлайн сервисті іске қосты

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды: