«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 258 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін мемлекеттік қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық құжат айналымы арқылы тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А «Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау және сатып алу операторларының қолма-қол ақшасын бақылау шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша есептерді ұсынады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кітабы;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор), Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың, Инфрақұрылымдық даму қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, инфрақұрылымдық даму қорының орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау операторларының, сатып алу, пилоттық жобаны іске асыру бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дербес білім беру ұйымдарының, бюджеттік кредиттердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, анықтауға дейінгі сомалар шоттарын, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотын есепке алуға арналған);
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай қазынашылық шотынан депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстары бойынша толық жазылуы;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес № 1 нысан бойынша мемлекеттік қазынашылық балансы;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес № 1-М нысан бойынша жергілікті бюджеттің атқарылу балансы;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес № 2 нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес № 3 нысан бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш туралы есеп;
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес № 4 нысан бойынша Мемлекеттік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар бойынша есеп;
осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің жұмсалуы жөніндегі ақпарат;
осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің аккредитивтер сомаларын есепке алу үшін шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер;
осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес № 5 нысан бойынша шетел валютасындағы шоттар бойынша операциялық күннің жабылуы туралы есеп;
осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес № 2-М нысан бойынша жергілікті бюджеттің ақша қозғалысы туралы есеп;
осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетел валютасындағы шоттар бойынша толық жазылуы;
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде операциялық күннің жабылуы туралы есеп;
осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобалар шегінде сыртқы қарыздар және байланысты гранттар қаражатының жұмсалуы жөніндегі ақпарат;
осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шотынан Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде (бұдан әрі – Ұлттық банк), Ұлттық почта операторында және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы (депозиттер) бойынша анықтама;
осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттен берілген кредиттер бойынша ақпарат.»;
12-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қазынашылық балансында бірыңғай қазынашылық шотындағы, республикалық және жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, сыртқы қарыздар шотындағы, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, нысаналы қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Ұлттық қордың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың, Инфрақұрылымдық даму қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, инфрақұрылымдық даму қорының орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау операторларының, сатып алу, пилоттық жобаны іске асыру бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің, дербес білім беру ұйымдарының, бюджеттік кредиттердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, шетел валютасының шоттарындағы, анықтауға дейінгі сомалар шоттарындағы, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотындағы, есеп айырысулардағы ақша бойынша, жергілікті бюджет жетіспеушіліктері бойынша, Ұлттық Банктің депозиттеріне, Ұлттық почта операторында және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде орналастыру бойынша шоттардағы ақша қалдықтары көрініс табады.
Жергілікті бюджеттердің атқарылу балансында тиісті жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау операторларының, сатып алу, тиісті саланың жергілікті уәкілетті органдарының, инфрақұрылымдық даму қорының жергілікті уәкілетті органдарының тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы және жергілікті бюджеттің жетіспеушіліктері бойынша шоттардағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттағы ақшаның қалдықтары көрініс табады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. 3 «Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар» шотында республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында, сыртқы қарыздар бойынша шоттарда, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, Ұлттық қордың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың, Инфрақұрылымдық даму қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, инфрақұрылымдық даму қорының орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, нысаналы қаржыландырудың, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау операторларының, сатып алудың, пилоттық жобаны іске асыру бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің, дербес білім беру ұйымдарының, бюджеттік кредиттердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында, анықтағанға дейінгі сомалар шотында және бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақы шотында, сондай-ақ уақытша бос бюджет ақшасын депозиттерге орналастырудан алынған сыйақылар шотында ұлттық валютадағы ақша қозғалысы есепке алынады.
3-шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
300 «Республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
301 «Жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
302 «Сыртқы қарыздар бойынша шот»;
303 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
304 «Республикалық бюджеттің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
305 «Жергіліктің бюджеттің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
307 «Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
308 «Сатып алу қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
309 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
310 «Республикалық бюджеттің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
311 «Жергілікті бюджеттің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
320 «Республикалық бюджеттің қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
321 «Жергілікті бюджеттің қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
330 «Республикалық бюджеттің ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
331 «Жергілікті бюджеттің ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
340 «Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
350 «Нысаналы қаржыландыру қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
360 «Соманы анықтауға дейінгі шот»;
370 «Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
371 «Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақы шоты, сондай-ақ уақытша бос бюджет ақшасын депозиттерге орналастырудан алынған сыйақылар шоты»;
372 «Қаржылық қолдау операторларының қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
373 «Мемлекеттік емес қарыздардың қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
374 «Ұлттық валютада қызмет көрсетудің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
377 «Пилоттық жобаны іске асыру бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
378 «Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
379 «Тиісті саланың жергілікті уәкілетті органдарының қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
381 «Тиісті саланың орталық уәкілетті органдарының қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
382 «Ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарызының қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
383 «Дербес білім беру ұйымдарының қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
384 «Бюджеттік кредиттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
385 «Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
386 «Инфрақұрылымдық даму қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
387 «Инфрақұрылымдық даму қорының орталық уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
388 «Инфрақұрылымдық даму қорының жергілікті уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты»;
390 «Түсімдердің жинақтау шоты».»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. 308 «Сатып алу қолма-қол ақшаны бақылау шоты» қосалқы шотында сатып алу шотындағы ақша қозғалысы есепке алынады.
Мемлекеттік сатып алу шотына ақша түсімі 308 қосалқы шоттың дебеті және 600 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік сатып алу қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражаттың жұмсалуы 500 қосалқы шоттың дебеті және 308 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.»;
56-1, 56-2 және 56-3-тармақтарымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«56-1. 386 «Инфрақұрылымдық даму қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты» қосалқы шотында Инфрақұрылымдық даму қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы есепке алынады.
Инфрақұрылымдық даму қор қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша түсімі 386 қосалқы шотының дебеті және 390 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Инфрақұрылымдық даму қор қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізілген шығыстар 500 қосалқы шотының дебеті және 386 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
56-2. 387 «Инфрақұрылымдық даму қорының орталық уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты» инфрақұрылымдық даму қорының орталық уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы есепке алынады.
Инфрақұрылымдық даму қорының орталық уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша түсімі 387 қосалқы шотының дебеті және 390 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
инфрақұрылымдық даму қорының орталық уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізілген шығыстар 500 қосалқы шотының дебеті және 387 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
56-3. 388 «Инфрақұрылымдық даму қорының жергілікті уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты» Инфрақұрылымдық даму қорының жергілікті уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы есепке алынады.
Инфрақұрылымдық даму қорының жергілікті уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша түсімі 388 қосалқы шотының дебеті және 390 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Инфрақұрылымдық даму қорының жергілікті уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізілген шығыстар 500 қосалқы шотының дебеті және 388 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
65-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Мемлекеттік қазынашылық 500 «Шығыстарды жүргізу» қосалқы шотында республикалық және жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ақылы қызметтер, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың, Ұлттық қордың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың, Арнаулы мемлекеттік қордың, Инфрақұрылымдық даму қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, нысаналы қаржыландырудың, инфрақұрылымдық даму қорының орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің, қаржылық қолдау операторларының, сатып алудың, пилоттық жобаны іске асыру бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарызының, дербес білім беру ұйымдарының, бюджеттік кредиттердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізілген шығыстарды есепке алады.»;
66-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар:
500 «Шығыстарды жүргізу» қосалқы шотында – жергілікті бюджеттің, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің, қаржылық қолдау операторлары мен сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша шығыстар;
501 «Жергілікті бюджеттің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша шығыстарды жүргізу» қосалқы шотында;
502 «Жергілікті бюджеттің қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша шығыстарды жүргізу» қосалқы шотында;
503 «Жергілікті бюджет ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша шығыстарды жүргізу» қосалқы шотында;
510 «Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу» қосалқы шотында;
524 «Тиісті саланың жергілікті уәкілетті органның» қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша шығыстарды жүргізу» қосалқы шотында;
525 «Инфрақұрылымдық даму қорының жергілікті уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша шығыстарды жүргізу» қосалқы шотында есепке алады.»;
72-тармақта:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«72. 6 «Түсімдер» шотында республикалық және жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттардағы, ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Ұлттық қор, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың, Арнаулы мемлекеттік қордың, Инфрақұрылымдық даму қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, инфрақұрылымдық даму қорының орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, нысаналы қаржыландыру, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің, қаржылық қолдау операторларының, сатып алудың, пилоттық жобаны іске асыру бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарызының, дербес білім беру ұйымдарының, бюджеттік кредиттердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары, анықталғанға дейінгі сомалар шоты, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шоты бойынша операциялар есепке алынады.»;
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«600 «Түсімдерді есепке жатқызу» қосалқы шотында мемлекеттік қазынашылық республикалық және жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ақылы қызметтер қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты, Ұлттық қор, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың, Арнаулы мемлекеттік қордың, Инфрақұрылымдық даму қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, инфрақұрылымдық даму қорының орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, нысаналы қаржыландыру, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің, қаржылық қолдау операторларының, сатып алудың, пилоттық жобаны іске асыру бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарызының, дербес білім беру ұйымдарының, бюджеттік кредиттердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, анықталғанға дейінгі сомалар шоты, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотындағы түсімдер есепке алынады.»;
бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар:
600 «Түсімдерді есепке жатқызу» қосалқы шотында – жергілікті бюджеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау операторларының және сатып алу қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсімдер;
601 «Жергілікті бюджеттің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу»;
602 «Жергілікті бюджеттің қайырымдылық көмегінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу»;
603 «Жергілікті бюджеттің ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу»;
610 «Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке жатқызу»;
624 «Тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу»;
601 «Жергілікті бюджеттің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу»;
625 «Инфрақұрылымдық даму қорының жергілікті уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу» қосалқы шотында жергілікті бюджеттің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсімдер есепке алынады.»;
көрсетілген Қағидаларға 7, 8 және 9-қосымшаларды осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 15-қосымшаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 17-қосымшаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 21, 22 және 23-қосымшаларды осы бұйрыққа 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
М. Такиев |