2026 жылғы қаңтар- мамыр айларында Ақмола облысының ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуы

    ·
    • АӨК негізгі көрсеткіштері
    • 2026 жылғықаңтар - мамыр айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 174 309,3 млн. теңгені (НКИ -103,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 1 172,3млн. теңге (НКИ -96,1%), мал шаруашылығы - 173 113,1млн. теңге (НКИ -103,3%).

    2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 35,9 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 163,5% болды.

    • 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,2 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңінің 106,4% болды.
    • Облыста барлығы 8287 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1977 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
    • Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 21,3%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 400,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 85,3 мың адам (2026 жылдың 1-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша).

    Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:

    • - 2026 жылдың І тоқсанында - 334 мың теңге, өсім 23,9% құрады (2025 жылдың І тоқсанында - 269,6 мың теңге).
    • Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
    • АӨК субсидиялау

    Субсидиялау түріндегі 2026 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 85,5 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

    • -өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 30,2 млрд. теңге (пестицидтер - 20 629,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 6 000,0 млн. теңге, тұқымдар - 2 288,1 млн. теңге, басым дақылдар - 1 300,0 млн. теңге);
    • -мал шаруашылығын субсидиялауға - 14,0 млрд. теңге;
    • -қаржы құралдары - 39,6 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 16 126,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 23 433,5 млн. теңге. су үнемдеу технологиялары - 22,0 млн. теңге);

    -терең өңдеуді субсидиялауға 1,7 млрд. теңге.

    Өсімдік шаруашылығы

    Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының жазғы егісін 5,4 млн. га алқапта жүргізуді жоспарлап отыр ( +46,4мың га), оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар - 4,5 млн. га (-184,6 мыңга), майлы дақылдар - 715,2 мың га (+219,8 мыңга), мал азығы дақылдары - 370,7 мың га (+34,1 мыңга), соның ішінде мал азығының жаздық себуі - 166,5 мың га өткен жылғы деңгейде қалды.

    Картоп отырғызу 8,6 мың га алқапта (2025 жылғы деңгейде), ал көкөністерді отырғызу - 1,5 мың га алқапта (+100га) жүргізілетін болады.

    • Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
    • 2026 жылғықаңтар-мамыр айында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемі 813 бірлікті құрап, жалпы сомасы 39 млрд. теңге болды (2025 жылғы қаңтар-мамыр - 716 бірлік, 25,7 млрд. теңге), оның ішінде:
    • - тракторлар - 12,2 млрд. теңге сомасына 251 бірлік;
    • - астық жинайтын комбайндар - 12,6 млрд. теңге сомасына 90 бірлік;
    • - сепкіш кешендер - 0,4 млрд. теңге сомасына 74 бірлік;
    • - егіс кешені - 4,8 млрд. теңге сомасына 36 бірлік;
    • - басқа техника - 9,0 млрд.теңге сомасына 362 бірлік.

    Мал шаруашылығы

    2026 жылғы қаңтар-мамыр айында облыста өндірілді:

    -тірі салмақтағы ет - 89,5 мың тонна немесе 101,4% 2025 жылғы деңгейге қарай;

    - сүт - 98,6 мың тонна немесе 113,3%;

    - тауық жұмыртқасы - 294,5 млн. дана немесе 107%.

    • 2026 жылғы 1 маусымға мал басы саны:
    • Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 474,4 мың басты құрап, 2025 жылғы деңгейдің 104,2%- ын құрайды, оның ішінде:
    • - сиыр басы - 206,2 мың бас немесе 108,3%;

    - жылқылар - 305,4 мың бас немесе 104,4%;

    - қой мен ешкі - 736,8 мың басты, бұл өткен жылғы деңгейде;

    • - құстар - 10 032,6 мың басты немесе 104,1%;
    • -шошқа - 56,7 мың басты немесе 105,4%.

    Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

    Ақмола облысында:

    - өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;

    - өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

    - өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;

    - кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар .

    • 2026 жылғы қаңтар- мамыр айында 141,3 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2025 жылғы сәйкес кезеңге - 117,9%.

    Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 45,8%, сүт - 13,3%, өсімдік майы - 18,4%, астық өңдеу - 8%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 1,9%, өзге салалар - 12,6% алады.

    • Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 44,6 мың тонна ет өндірді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 1244 тонна.

    Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 59,9 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 6,5% өсім, сары май өндірісі 1111 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 24,9% өсім, ірімшік пен сүзбе - 704 тонна, қышқыл сүт өнімдері - 4,7 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 17,7% өсім.

    • Өсімдік майы өндірісі 39,6 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 13,1% өсім.
    • Ұнтақталған ұн өндірісі 124,8 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 53,2% өсім.
    Жүктеу
    d0590bc709d022effc5aa1331ce49674_original.81237.docx
    DOCX · 79 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ақмола облысы Астраханка ауылымен Астраханка ауданының елді мекендерінде, Есіл қаласымен Есіл ауданының елді мекендерінде, Щучинск қаласымен Бурабай ауданының елді мекендерінде, Балкашино ауылымен Саңдықтау ауданының елді мекендерінде жеке меншікке берілген кезде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесін әзірлеу бойынша пресс-релизі

    Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны туралы сенімді ақпарат алу үшін жерді бағалаудың тәсілдері мен әдістерін жетілдіру қажеттілігі туындайды. «Ақмола облысының елді мекендер...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жоспар «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар

    Бекітемін «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Бадырақов Н.Б. ________________________ «__» ______ 2026 года Жоспар «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауына арналған аналитикалық анықтама

    Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауына арналған аналитикалық анықтама 2026 жылғы 4 мамырдағы № 44/1 «Ішкі өткізу туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау» туралы бұйрыққа сәйк...

    Жарияланды:
    Қаулы

    «2026 жылғы мамыр айы бойынша Ақмола облысы әкімінің жер учаскелерін беру туралы қаулыларының тізімі»

    2026 жылғы мамыр айында жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру. 2026 жылғы 4 мамырдағы № А-4/193 қаулыға сәйкес «NTK Astra» ЖШС-не Астрахан ауданы Николаев ауылдық округінің шегіндегі «Николаевский»...

    Жарияланды:
    Қаулы

    «2026 жылғы сәуір айы бойынша Ақмола облысы әкімінің жер учаскелерін беру туралы қаулыларының тізімі»

    2026 жылғы сәуір айында жер учаскелеріне құқық беру туралы қаулылары Ақмола облысы әкімдігімен қабылдамағаны туралы хабарлаймыз.

    Жарияланды:
    Қаулы

    «2026 жылғы наурыз айы бойынша Ақмола облысы әкімінің жер учаскелерін беру туралы қаулыларының тізімі»

    2026 жылғы наурыз айында жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру. 2026 жылғы 16 наурыздағы № А-3/102 қаулыға сәйкес «РегионДорСтрой» ЖШС-не Зеренді ауданы Қонысбай ауылдық округінің шегіндегі «Алтыбай...

    Жарияланды:
    Қаулы

    «2026 жылғы ақпан айы бойынша Ақмола облысы әкімінің жер учаскелерін беру туралы қаулыларының тізімі»

    2026 жылғы ақпан айында жер учаскелеріне құқық беру туралы қаулылары Ақмола облысы әкімдігімен қабылдамағаны туралы хабарлаймыз.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын қайта бекіту

    Жарияланды: