Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерінің ішкі талдауына арналған
аналитикалық анықтама
2026 жылғы 4 мамырдағы № 44/1 «Ішкі өткізу туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау» туралы бұйрыққа сәйкес, ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде жүргізілді.
Жұмыс тобының құрамына Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) бөлімдерінің басшылары мен мамандары тартылды.
Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері болып табылады:
1) Басқарманың қызметін реттейтін құқықтық актілер;
2) 2025 жылы Басқармада жүргізілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің тексерулерінің нәтижелері;
3) Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін сауалнама жүргізу нәтижелері.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау және ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру мәселелеріне қатысты бірнеше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен проблемалық сұрақтар талдау барысында анықталды:
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
2) Бюджеттік кредиттерді мақсатсыз пайдалану кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Басқарма «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және қарау мемлекеттік ақпараттық жүйе plем.kz арқылы жүзеге асырылады, ол Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесімен, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректер базасымен (бұдан әрі – АЖД) және селекциялық әрі асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасымен интеграциялық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Қағидаларға сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші субсидияланған мал басының сақталуын мониторингтеуді жүзеге асырады, ал көрсетілетін қызметті алушы оның сақталуына міндеттеме қабылдайды.
Мал басының сақталмау жағдайлары болған кезде «Міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу» бөлімінде сақталмау себебі көрсетілмейді.
Себебін анықтау үшін қызметкерлер Ветеринария басқармасына сұрау жібереді және жауапты күтеді. Бұзушылық расталғаннан кейін шаруашылыққа субсидияны қайтару туралы хабарлама жіберіледі, ал ол субсидияны бюджетке 90 жұмыс күні ішінде қайтаруы тиіс.
Мәселе мынада, plем.kz жүйесінің «Міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу» бөлімінде мал басының сақталмау себептері туралы тікелей ақпарат болмағандықтан, бұл процесс ұзаққа созылады.
Осылайша, бюджеттік субсидияларды мақсатсыз пайдалануды болдырмау мақсатында басқарма мыналарды ұсынады:
- plем.kz пен АЖД жүйелері арасында тереңірек интеграция жүргізу қажет, сонда басқарма қызметкерлері малдың сақталмау себебін plем.kz жүйесінен бірден көріп, қосымша сұрауларсыз субсидияны қайтару туралы хабарламаны жедел жолдай алады.
- «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында кредиттеу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Бүгінгі күні «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясындағы бюджеттік кредиттер сенімді агент – «СПК «Көкше» АҚ арқылы беріледі.
Микрокредит беру талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары – Премьер-Министрдің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығымен бекітілген ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларында айқындалған.
Кредиттеудің негізгі критерийлерінің бірі – ауыл халқының табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін микрокредиттер беру.
Қағидалар ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг тәртібін айқындайды, ауыл шаруашылығы және тұтыну кооперативтерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді басым қолдауды көздейді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, ауыл шаруашылығы мен өнімді өңдеу саласына және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлеріне микрокредит беруді қарастырады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу жөніндегі жобаларға қаржыландыру жоспарына сәйкес әрбір облыс үшін көзделген қаржыландырудың жалпы сомасынан 40 (қырық) пайыздан аспайтын мөлшерде және қайта өңдеу саласында 20 (жиырма) пайыздан кем емес мөлшерде микрокредит беруге жол беріледі.
Сонымен қатар, қолданыстағы Қағидалар ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнеске микрокредит берудің нақты бағытын айқындамайды. Қағидаларда ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнеске микрокредит берудің тек мерзімі ғана айқындалған. Сонымен қатар, қолданыстағы Қағидаларда қай саласының жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнеске микрокредит беруі тиіс екендігі және бөлінген бюджет қаражатының жалпы көлемінен ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнеске микрокредит берудің пайыздық арақатынасы белгіленбеген.
Мұндай нормалардың болмауы ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес жобаларын қаржыландыруға байланысты бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану сыбайлас жемқорлық тәуекелін туындатады.
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде бюджеттік кредит қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілеріне қатысты бұзушылықтар анықталды.
Департаменттің дәлелдеріне сәйкес, бюджеттік несиелер ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығымен бекітілген микрокредиттеу қағидалары бойынша берілген.
Ал Министрліктің Ережесіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысы) Министрлік агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Осыған байланысты аудиторлардың пікірінше, Министрліктің өкілеттігі тек агроөнеркәсіптік кешен жобаларын кредиттеуге ғана таралады, ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнеске микрокредит беру оның құзыретіне кірмейді, ал Ауыл шаруашылығы басқармасы мұндай микрокредиттерді беруге құқылы емес.
Қазіргі уақытта микрокредиттерді беру негізінде жүзеге асырылып отырған ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларымен (ҚР ҰЭМ 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығы) мынадай нормалар бекітілмеген:
- түпкілікті қарыз алушыға қарыз беру және кепілмен қамтамасыз ету туралы шарттардың жобалары;
- бюджеттік кредиттік қаражат есебінен сатып алынған мүлікті сақтау мерзімі белгіленбеген;
– Сенім білдірілген агенттің және/немесе бағдарламаның әкімшісінің іс‑қимыл тәртібі, сондай‑ақ қарыз алушы бюджет қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті немесе жануарларды бүлдірген, жоғалтқан немесе сақтамаған жағдайда бюджет қаражатын қайтару тетігі айқындалмаған.
Бүгінгі күні тәуекелдерді барынша азайту үшін тиісті шарттарды сенім білдірілген агент қарыз алушымен жасалатын микрокредит беру шартына өз бетінше енгізеді.
Сонымен қатар, Қағидаларда микрокредит алған үміткер жұмыс орындарын құруы тиіс мерзім белгіленбеген.
Мұндай нормалардың болмауы құқықтық анықсыздықты күшейтіп, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану қаупін туындатады, бұл бағдарламаның тиімділігін төмендетеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай‑ақ «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында бюджеттік кредит қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін Басқарма мынадай ұсыныстар енгізеді:
- Ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнеске микрокредит беруді қай саланың жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратынын айқындау;
- Сенім білдірілген агенттің тұрақты мониторинг жүргізу (нысанға бару және құжаттарды сұрату арқылы) міндетін Қағидаларда бекіту және нәтижелерін есептерде тіркеу;
- Қорытынды қарыз алушыға несие беру және кепілдік қамтамасыз ету туралы шарттардың үлгі жобаларын бекіту;
- Қарыз алушы үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған мүлік пен жануарларды сақтау мерзімдерін белгілеу;
- Сенім білдірілген агенттің және/немесе бағдарламаның әкімшісінің іс‑қимыл тәртібін, сондай‑ақ техника, жабдық сияқты мүліктің бүлінуі, жоғалуы немесе жануарлардың өлімі мен сақталмауы жағдайында бюджет қаражатын қайтару тетігін белгілеу;
- Үміткерлерге микрокредит берілгеннен кейін жұмыс орындарын құру мерзімдерін айқындау.
Жұмыс тобының төрағасы |
Д. Сердалі |
Жұмыс тобының мүшелері: | |
Жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің бас маманы |
Ә. Касымжанов |
Мемлекеттік техникалық инспекция және механикаландыру бөлімінің басшысы |
М. Хожабай |
Мал шаруашылығы және асыл тұқым бөлімінің басшысы |
Р. Жанабекова |
Егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы |
А. Ехсанов |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және маркетинг бөлімі басшысының м.а. |
Ж. Жұмабек |
Агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бөлімінің басшысы |
О. Леонтьева |
Жерді есепке алу және жерге орналастыру бөлімінің басшысы |
Ж. Бейсембаева |
Әкімшілік-құқықтық жұмыс |
А. Бельгибаева |
Таныстым: ____________ Н.Б. Бадырақов
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы