Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны туралы сенімді ақпарат алу үшін жерді бағалаудың тәсілдері мен әдістерін жетілдіру қажеттілігі туындайды.
«Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке беру кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігі қаулысының және облыстық мәслихаты шешімінің жобасы (бұдан әрі Жоба), ҚР Жер кодексінің 10 бабы 1 тармағының негінде әзірленген, осы тармақ бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде облыстардың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгіленеді.
Осы жобамен облыс өңірлерінің тізіміне жер учаскесінің қадастрлық (бағалау) құнын айқындау негізі ретінде жер үшін төлемақының төмен базалық құнына байланысты Астраханка ауылымен Астраханка ауданының елді мекендерінде, Есіл қаласымен Есіл ауданының елді мекендерінде, Щучинск қаласымен Бурабай ауданының елді мекендерінде, Балкашино ауылымен Саңдықтау ауданының елді мекендері бойынша жеке меншікке берілген кезде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеуге өзгерістер енгізілді.
Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның жүргізген жұмыстардың қорытындысы бойынша Астраханка ауылың базалық ставкасы жер учаскесінің 1 шаршы метріне 520 теңге, Петровка ауылы, Новочеркасс ауылы, Первомайка ауылы, Камышенка ауылы, Лозовое ауылы, Жалтыр ауылы – Астраханка акылы ставкасының 60 % мөлшерінде белгіленді, бұл 312 теңгені құрайтын болады, Жамбыл ауылы, Өндіріс ауылы, Каменка ауылы - Астраханка акылы ставкасының 50 % мөлшерінде белгіленді, бұл 260 теңгені құрайтын болады, Жаңабірлік ауылы, Тобылжан ауылы, Қалқұтан ауылы, Өрнек ауылы, Приишимка ауылы, Жаңа-Тұрмыс ауылы, Акимовка ауылы, Оксановка ауылы, Жарсуат ауылы, Ескі Қалқұтан ауылы, Еңбек ауылы, Қоскөл ауылы, Ковыленка ауылы, Зеленое ауылы, Шілікті ауылы, Степное ауылы, Жаңа Қалқұтан ауылы, Қаракөл ауылы - Астраханка акылы ставкасының 40 % мөлшерінде белгіленді, бұл 208 теңгені құрайтын болады.
Астраханка ауданының қалған елді мекендері бойынша аудан орталығының базалық ставкасының пайызы – 30 %, бұл 156 теңгені құрайды.
- Есіл қаласының базалық ставкасы жер учаскесінің 1 шаршы метріне 596 теңге, Ақсай ауылы, Бұзылық ауылы, Красивое ауылы, Красивое станциясы, Свободный ауылы - Есіл акылы ставкасының 40 % мөлшерінде белгіленді, бұл 238 теңгені құрайтын болады, Двуречный ауылы, Жаныспай ауылы, Заречный ауылы, Знаменка ауылы, Интернациональный ауылы, Қаракөл ауылы, Игілік ауылы, Московский ауылы, Юбилейный ауылы - Есіл акылы ставкасының 30 % мөлшерінде белгіленді, бұл 179 теңгені құрайтын болады, Есіл ауданының қалған елді мекендері бойынша аудан орталығының базалық ставкасының пайызы – 20 %, бұл 119 теңгені құрайды.
- Балкашино ауылының базалық ставкасы жер учаскесінің 1 шаршы метріне 540 теңге, Хуторок ауылы, Новоникольское ауылы, Құмдыкөл ауылы, Маралды ауылы, Приозерное ауылы - Балкашино акылы ставкасының 60 % мөлшерінде белгіленді, бұл 324 теңгені құрайтын болады, Петровка ауылы, Саңдықтау ауылы, Меньшиковка ауылы, Смольное ауылы, Красная Поляна ауылы, Максимовка ауылы, Байдалы ауылы, Лесное ауылы, Шаңтөбе ауылы - Балкашино акылы ставкасының 50 % мөлшерінде белгіленді, бұл 270 теңгені құрайтын болады, Белгородское ауылы, Преображенка ауылы, Петриковка ауылы, Арбузинка ауылы, Қызыл-Қазақстан ауылы, Каменка ауылы, Владимировка ауылы, Новый Городок ауылы, Спасское ауылы, Мәдениет ауылы, Богородка ауылы, Дорогинка ауылы, Жыланды ауылы, Речной ауылы - Балкашино акылы ставкасының 40 % мөлшерінде белгіленді, бұл 216 теңгені құрайтын болады, Новоромановка ауылы, Раздольное ауылы, Васильевка ауылы, Ұлан, Новоселовка ауылы, Михайловка ауылы, Граниковка ауылы, Бастрымовка ауылы, Новокронштадка ауылы - Балкашино акылы ставкасының 30 % мөлшерінде белгіленді, бұл 162 теңгені құрайтын болады,
Саңдықтау ауданының қалған елді мекендері бойынша аудан орталығының базалық ставкасының пайызы – 20 % бұл 108 теңгені құрайды.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Қарағанды қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің жүргізген жұмыстардың қорытындысы бойынша Щучинск қаласының базалық ставкасы жер учаскесінің 1 шаршы метріне 1005 теңге, Бурабай кенті 2136 теңге, Сарыбұлақ ауылы 1416 теңге, Өкжетпес 1699 теңге, Зеленый Бор ауылы 386 теңге, Молбаза ауылы 347 теңге, Қызылағаш ауылы, село Кенесары 289 теңге, Атамекен ауылы, Қаражар ауылы, Жасыл ауылы, Қатаркөл ауылы 268 теңге, Ақылбай ауылы 260 теңге, Жаңа Қарабауыр ауылы, Қымызынай ауылы, Мәдениет ауылы, Жаңажол ауылы, Вишневое ауылы, Ключевое ауылы, Сосновка ауылы 241 теңге, Златополье ауылы, Савинка ауылы, Ұрымқай ауылы, Дмитриевка ауылы 223 теңге, Наурызбай батыр ауылы 217 теңге, Сотниковка ауылы, Обалы ауылы, Баянбай ауылы, Успеноюрьевка ауылы, Клинцы ауылы, Николаевка ауылы, Райгородок ауылы 201 теңге, Веденовка ауылы, Лесной хутор ауылы, Шиелі ауылы, Күлстан ауылы, Көрнекты, Карашілік ауылы 181 теңге, Жаңаталап ауылы, Новоандреевка ауылы, Түлкілі ауылы, Брусиловка ауылы, Жарқайын ауылы, Кіндікқарагай ауылы, Аққайың 163 теңге, Озерное ауылы, Қарабұлақ ауылы 146 теңге.
Аңықтама: Бұрын Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешімімен бекітілген Астраханка ауданындағы 1 шаршы метр жердің базалық (нормативтік) құны 138 теңгені құрады, Есіл ауданындағы 1 шаршы метр жердің базалық құны 298 теңгені құрады, Саңдықтау ауданындағы 1 шаршы метр жердің базалық құны 180 теңгені құрады, Щучинск қаласында 1 шаршы метр жердің базалық құны 550 теңге құрады, Бурабай кентінде 1 шаршы метр жердің базалық құны 1120 теңгені құрайтын болатын.
Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.