Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    Индер ауданының әкімдігі

    Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың

    зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгеге жетті. 12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңге немесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан қаражаттан тұрады, олардың көлемі – 26,13 трлн теңге, 12 айда 1,73 трлн теңгеге немесе 7,1% өсті.

    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 732,80 млрд теңге болды.

    Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,35 млрд теңге болып, 12 айда 6,4% өсім көрсетті.

    Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,4 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қазанына 1 429,89млрд теңге болды.

    Түсімдер

    Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 9 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 738,10млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе 371,90 млрд теңгеге) артық.

    МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейін 2 091,42 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 113,50 млрд теңге (өсім – 12,7%), ЕЗЖ – 1,62 млрд теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.10.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 531,55 млрд теңгені құрады.

    Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.10.2026ж. жағдай бойынша 882,28 млрд теңгені құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1402,37млрд теңгені құрады.

    Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 223,61 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 028 теңге.

    2026 жылдың басынан бастап 01.10.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 490,04 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 77,26 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 37,30 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,62 млрд теңге, жерлеуге – 7,14 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 564,40 млрд теңге аударылды.

    ЖЗШ саны

    2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,11 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,14 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанында 12,90 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,44 млн - МЗЖ бойынша, 798,39 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,12 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,44 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

    БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,21 млн бірлік.

    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

    Жүктеу
    1104424287ec5472e0411d80c3e6e84aa0b149d71096dbb2f15b2b3f00feabbd_original.66973.docx
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс телефонд...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар ТІЗБЕСІ

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы бойыншаүгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінгенорындар ТІЗБЕСІ р/с Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа материалдарын о...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    Атырау облысы Индер аудандықмәслихатыныңдепутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұ...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Индер аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 01 қараша 2026 жыл

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Индер аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 01 қараша 2026 жыл "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Рес...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды

    Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс – 14,64 трлн теңге. Жүргізілген төлемдерді қоса алғанда оның зейнетақы жинақтарын...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»

    ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

    ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиіст...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды: