Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды

    Индер ауданының әкімдігі

    Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс – 14,64 трлн теңге. Жүргізілген төлемдерді қоса алғанда оның зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі 40,6%-ға тең, бұл көрсекіш азаматтардың жинақтарын өсіруде инвестициялық кірістің маңыздылығын растайды. 2014 жылдан бастап зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай артуы байқалады, бұл салымшылардың (алушылардың) жинақтарының жалпы көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді.

    Қазақстандағы зейнетақы жинақтары – азаматтардың зейнет жасындағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақмерзімді инвестициялаудың стратегиялық құралы. Икемді инвестициялық саясатты қолдану және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың инвестициялық портфельдерін әртараптандыру инвестициялық кірістің ұзақмерзімді перспективада тұрақты өсуін қалыптастырады.

    Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқамерзімді кезеңдердегі кірістілігін бағалау зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін толық көрсете алмайды. Бұл қаржы құралдары мен басқа да операциялар бойынша қысқа мерзім ішінде есептелген сыйақы түріндегі кірістердің сол кезеңдегі бағалы қағаздар құны мен валюта бағамдарының ауытқуларын әрдайым өтей бермейтіндігіне байланысты. Сондықтан инвестициялық кіріс мөлшеріне объективті талдауды кемінде бір жылдық кезең бойынша жүргізген орынды.

    Ағымдағы макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банктің басқаруындағы міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда, яғни 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі кезеңде шамамен 1,58 трлн теңге инвестициялық кіріс есептелді, осы кезеңдегі кірістілік – 6,17%.

    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 158,51 млрд теңгені, ал осы кезеңдегі кірістілік 18,65%-ды құрады.

    Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген.

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы ( www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады.

    Жүктеу
    a60b4c9e6dd9bbb8e807a93f6a459e87aab4ce49bc49b2a1cdf6cba9d8fc76a3_original.63739.docx
    DOCX · 62 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс телефонд...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар ТІЗБЕСІ

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы бойыншаүгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінгенорындар ТІЗБЕСІ р/с Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа материалдарын о...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    Атырау облысы Индер аудандықмәслихатыныңдепутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұ...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Индер аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 01 қараша 2026 жыл

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Индер аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 01 қараша 2026 жыл "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Рес...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»

    ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

    ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиіст...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеденасты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңгенемесе 13,4%. 2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша мін...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды: