Хабарландыру

    Курчатов қаласының әкімдігі

    «Абай облысы Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Курчатов қаласының «Достық үйі » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.

    Кәсіпорын қызметінің мақсаты:

    1. халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, насихаттау және оларды қазіргі тарихи әрі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;
    2. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән мен би мерекелерін, презентацияларды, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;
    3. этномәдени бірлестіктерге қолдау көрсету.

    Лауазымдық міндеттері:

    • Достық үйінің қызметіне басшылық етеді;
    • шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстардыжүзеге асыруды, жемқорлыққа күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
    • байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
    • Этномәдени бірлестіктермен жұмыс атқарады.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:

    Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім келесі бағыттар бойынша:
    «Гуманитарлық ғылымдар» (мәдениеттану, музыкалық білім беру),
    «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (мемлекеттік, жергілікті басқару, есеп және аудит)
    және басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

    Талапкерлер білуі тиіс:

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік процестік кодексін», Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңдарын және берілген санаттағы нақты лауазымға сәйкес саладағы қатынасты реттеуші Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін міндетті түрде білу.

    Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру Курчатов қаласы әкімінің ресми интернет-ресурсы сайтында және Курчатов көкжиегі газетінде жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4.Анықтама үшін телефондар: 8 (72251) 3-39-44, 87761662327.

    Жүктеу
    Объявление
    Объявление
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Абай облысы Курчатов қаласы мәслихатының «Курчатов қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 22 мамырдағы № 27/176-VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖОБА Абай облысы Курчатов қаласы мәслихатының «Курчатов қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекі...

    Курчатов қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Tiek.kz

    Курчатов қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Спектр" Газеті

    Курчатов қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ

    Курчатов қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Абай облысы Курчатов қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 01-14/16 қаулысы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы Курчатов қаласы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республика...

    Курчатов қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-03/3 «Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-03/3 «Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ку...

    Курчатов қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Адал қоғам – әрқайсымыздан басталады

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сөз болғанда, көп жағдайда бұл міндет құқық қорғау органдарына, мемлекеттік қызметшілерге немесе басшыларға ғана қатысты деген түсінік қалыптасады. Алайда сыбайлас жемқорлықтың алд...

    Курчатов қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    АБАЙ ОБЛЫСЫ КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ 2026 ЖЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ӨТКІЗЕТІН ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕРІНІҢ КҮНТІЗБЕСІ

    Курчатов қаласының әкімдігіЖарияланды: