Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-03/3 «Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 01 – 03/3 «Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына (Абай облысы Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 01-03/6 «Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-03/3 «Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен енгізілген өзгерісті ескере отырып) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшадағы № 7 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы мәліметтер мынадай редакцияда баяндалсын:
«Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, № 30, Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты».
2. Осы қаулы Курчатов қаласының мәслихатына жіберілсін.
3. Осы қаулы қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын және «Курчатов – Көкжиегі» газетінде жариялансын.
ТөрағаБ. Мубаряков
ХатшыН. Жанұзақова