Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының
«№17 Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі аталған кәсіпорынның директоры лауазымына іріктеу бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.
- Конкурс өткізілетін күн: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң.
- Конкурс өткізілетін орын: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Басенов көшесі, 2.
- Кәсіпорынның атауы: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 17 Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын).
- Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Басенов көшесі, 2
- Электрондық пошта: mail@gpkz
- Телефон: +7 7017269538
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Халықтың денсаулығын сақтау бойынша мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды іске асыру, ересектерге және (немесе) балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету. Ересек және (немесе) бала тұрғындарға консультативтік-диагностикалық және стационар алмастыру медициналық көмегін көрсету.
Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасау; қабылданған басқарушылық шешімдер, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері үшін жауапты болады.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің 2022 жылдың 21 ақпанындағы «Өрт қауіпсіздігі ережелерін бекіту туралы» №55 бұйрығын.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификатталған курстардан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлігі және (немесе) тиісті мамандығы бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
- немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша ЖОО кейінгі жоғары білімі, немесе executive МВA (ары қарай – ЕМВА (экзекютив ЭмБиЭй)) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
- не «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша ЖОО кейінгі жоғары білімі
- денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
- басқарушылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Хабарландыру ресми БАҚ-та немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарды ұсынады:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме (резюме);
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер немесе жұмыс өтілін растайтын өзге де құжат;
- № 075/е нысанындағы медициналық анықтама (ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген);
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
- Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандығы немесе жасамағандығы туралы мәліметтер.
Құжаттарды тапсыру тәртібі:
Кандидаттар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін электронды түрде [email protected] поштасына жолдайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне және кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, сондай-ақ оның кәсіби қызметін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады.