Бос лауазымға арналған конкурс

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ

    «№11 Қалалық емхана» КМК директоры лауазымына

    конкурстық іріктеу өткізу туралы

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Алматықаласы28.07.2026ж.

    Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «№11 Қалалық емханасы» КМК байқау кеңесі директор лауазымына іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

    Конкурсты өткізу мерзімдері: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 11.08.2026ж. (Алматы уақыты бойынша) сағат 14:00-ге дейін. Әңгімелесу кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (әңгімелесу кестесіне сәйкес).

    Конкурстың өтетін орны: ҚР, 050014, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ-3 ш/а., Жұмабаев көшесі, 87 үй (2 қабат, СӨС кабинет).

    Кәсіпорынның атауы: Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№11 Қалалық емхана» КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын).

    Кәсіпорынның орналасқан жері: ҚР, 050014, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ-3 ш/а., Жұмабаев көшесі, 87 үй, телефон 8 (727) 252-21-21, эл.пошта: [email protected].

    Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау.

    Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:

    Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқару шешімдеріне, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

    Білуі керек:

    ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын, ҚР "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

    медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері: «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

    конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай құжаттар:

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

    3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

    5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

    6) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурс жариялаған Кәсіпорынға электронды түрде [email protected] мекенжайы бойынша құжаттарды тапсырады.

    Құжаттардың түпнұсқалары сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, тұлға сұхбаттан өтуге жіберілмейді.

    Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

    Жүктеу
    Конкурс на вакантную должность
    Конкурс на вакантную должность
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Бос лауазымға арналған конкурс

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Тері-венерологиялық диспансер» КМК директоры лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ Алматықаласы14.08.2026ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Тері-венерологи...

    Ақпарат

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі

    Ақпарат

    Бос лауазымға арналған конкурс

    Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «№13 Қалалық емханасы» КМК байқау кеңесі директор лауазымына іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу мерзімдері: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың соңғы м...

    Ақпарат

    Бос лауазымға арналған конкурс

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медициналық колледжі» КМК байқау кеңесі директор лауазымына іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу мерзімдері: Ко...

    Хабарландыру

    Коммерциялық ұсынысты ұсыну туралы сұрау салу

    Барлықмүдделіәлеуеттіжеткізушілерге «Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) қосымшада көрсетілген нозологиялар бойынша 2027 жылға арналған дәрілік з...

    Ақпарат

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі

    Ақпарат

    Бос лауазымға арналған конкурс

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «№22 Қалалық емхана» МКК бақылау кеңесі (бұдан әрі – Бақылау кеңесі), Алматы қаласы, Алатау ауданы, Жнақожа батыр көшесі, 192 үй, анықтама телефоны: 8 (727) 380-87-42 эл...

    Ақпарат

    Бос лауазымға арналған конкурс

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 30 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (ШЖҚ КМК) Байқау кеңесі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыны...