Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 30 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (ШЖҚ КМК) Байқау кеңесі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№30 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (ШЖҚ КМК) директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу күні:
- құжаттарды Кәсіпорынға ұсыну – 2026 жылғы 29 шілдеге дейін (қоса алғанда);
- кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2026 жылғы 30 шілдеден 31 шілдеген дейін Бақылау кеңесімен әңгімелесу өткізу.
Конкурс өткізу орны:
Алматы қаласы, 050000, Алмалы ауданы, Жібек Жолы даңғылы, 128/23 үй, телефон: 87072212993.
Кәсіпорынның негізгі қызметі – медициналық қызмет.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдер үшін, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін жауап береді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңын.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА дәрежесі немесе full-time (фултайм) бағдарламасы бойынша білім;
немесе
- «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА дәрежесі немесе full-time (фултайм) бағдарламасы бойынша білім;
- Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
- Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шарты, еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінділер не еңбек өтілін растайтын өзге де құжат;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген).
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің соттылықтың болу-болмауы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды Кәсіпорынның кадр қызметіне қолма-қолпошта арқылы немесе [email protected] электрондық мекенжайына 2026 жылғы 29 шілдені қоса алғанға дейінгі мерзімде тапсырады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми интернет-ресурсында орналастырылады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/?lang=ru
Конкурсқа әңгі
мелесуге жіберілген кандидаттар 2026 жылғы 30 шілдеден 31 шілдеге дейін (қоса алғанда) сағат 11:00-де әңгімелесуден өтеді.