Бұйрыққа 17-қосымша Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 |
«Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі үлесті ресімдеу»
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші мынадай тәртіппен көрсетеді:
1) өтініш көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі;
2) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы келісуші органдар мен ұйымдардан оң қорытынды түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін бөлу схемасын көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне ЖКК келісуге жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің жеке кабинетіне ЖКК-ға түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер учаскесін бөлу схемасын келіседі
Көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісу мерзімінің аяқталуы сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде оның ЖКК-тағы жеке кабинетіне жіберетін жер учаскесіне құқық беруден дәлелді бас тарту үшін негіз болып табылады.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды түскен жағдайда, ол түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган жер учаскесіне құқық беруден дәлелді бас тартуды ЖКК-тағы өзінің жеке кабинетіне жібереді;
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер учаскесін бөлудің келісілген схемасы келіп түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер үлесін көрсете отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және оған қол қояды және жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер үлесін көрсете отырып, жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды және қол қояды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі, ал сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға;
7) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын айқындау жөніндегі қызмет үшін ақы төлеуді жүргізеді (қажет болған жағдайда), жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.
- Жер учаскесін сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) шартын уақтылы жасамау не оларды жасасудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің күшін жою не бас тарту түсуі үшін негіз болып табылады.
- Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне/көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 8-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
«Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу»мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші). |
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы. |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
30 (отыз) күнтізбелік күн |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу кезінде: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш; 2) құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері; 3) жер учаскесінің үлесін есептеу жөніндегі құжаттың электрондық көшірмесі; 4) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актінің электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда). Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы келіскен жер учаскесін бөлу схемасы. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді. |
8 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы |
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 |