Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

    Көкпекті ауданының әкімдігі

    Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

    Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

    1) саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса берілген партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрме;

    2) азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi;

    3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

    4) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

    5) мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғандығы туралы анықтамалары;

    6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат.

    Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

    1) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

    2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

    3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

    4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

    5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

    Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

    1) осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш;

    2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

    3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

    4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

    Жүктеу
    6b3f1b981de3152100e438544aab5cc0e2a8df63e2d041b85cef24f339dc5ecc_original.14713.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

    Абай облысы Көкпекті аудандықмәслихатыныңдепутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «TULEK» ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және оған қол жеткізуді жеңілдету мақсатында TULEK «Түлектерге арналған бос орындар» порталы іске қосылды. Портал жоғары оқу орындарының мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеуден...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТ Абай облысы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек үшін

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі халық саны: 12 481 адам. Ауданның әкімшілік бөлінісі: 9 ауылдық округ, 28 ауылдық елді мекен. өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 1 514,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 54,3...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданы бойынша 2026 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштер туралы ақпарат

    2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы бойынша барлығы – 398 өтініш келіп түсті. Келіп түскен өтініштердің бөлінісі төмендегідей: - аудан әкімі аппаратына – 186 өтініш - дербес бөлімдерге – 109 өтініш -...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Абай облысы Көкпекті аудандықмәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі б...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

    № 375 сайлау учаскесі Орталығы: Көкпекті ауылы, көшесі Абылай Хан, үй 46 Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Көкпекті орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Ш...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізбесі

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды: