ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Созақ ауданы әкімінің аппараты

    Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен терроризмге қарсы және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
    Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, төтенше жағдайлар бөлімі, құзырлы мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.
    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов, Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Дәуіржан Абраев және мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы Ұлжан Шекеева баяндама жасады.
    Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы құқық бұзушылықтардың, алаяқтық қылмыстарының, оның ішінде интернет алаяқтығының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерман Нұрәділ хабарлама жасады.
    Жиын барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы күн тәртібіндегі әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын жіті назарға алды. Көрсеткіштер мен цифрларға ғана сүйенбей, нақты нәтижеге бағытталған жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Жауапты сала жетекшілеріне қауіпсіздік шараларын күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтуді тапсырды.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

    ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ БүгінАстанада 2026 жылғы 23 тамызғатағайындалғанҚазақстанРеспубликасыҚұрылтайыныңдепутаттарыныңсайлауыбойыншанауқанаясындаҚазақ...

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2 Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы ақпарат

    Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы ақпарат 2026 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 6 (алты) заңды тұлғалардан тиісті құжаттардың көшірмелері қоса беріліп, қ...

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы ақпарат

    Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы ақпарат 2026 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 6 (алты) заңды тұлғалардан тиісті құжаттардың көшірмелері қоса беріліп, қ...

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Бюджет

    Созақ ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (маусым айы 2026 жыл)

    Созақ ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (маусым айы 2026 жыл) Қазақстан Републикасында келесі деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, орындалады және дербес бюджеттер болып табылады: республикалық бюджет,...

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected] мекен-жайына жолдауға болады

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected] мекен-жайына жолдауға болады

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected] мекен-жайына жолдауға болады

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға б...

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: