2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
«Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ
қызметі туралы есеп
- Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер
«Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – ММ).
Заңды және пошталық мекенжай: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Д. Асымбаев көшесі, 51; электрондық пошта мекенжайы: akimat- [email protected];
байланыс телефондары 8 (714 35) 2-22-66.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 2024 жылы 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
2) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
3) «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»
4) «Жер учаскесін алуға кезекке қою»;
5) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»;
6) «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу»;
7) «Жер учаскесінің үлесін ресімдеу».
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жаңа Қағидаларға сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді, Жітіқара қаласы әкімдігі көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта жүзеге асырылуға тиіс.
2025 жылы 277 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 0 мемлекеттік қызмет, көрсетілетін қызметті беруші арқылы 8, «веб-портал» арқылы 271 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер тегін негізде іске асырылады.
Дәлелді бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қызметкерлер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін және бекітілген қағидаларды басшылыққа алады.
Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары мен регламенттерінің саны.
Бекітілген қағидалар – 5.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны.
ММ-де барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2025 жылы қағаз және (немесе) электрондық негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны.
Қағаз түрінде – 8 қызмет көрсетілді. Электрондық негізде – 231 қызмет көрсетілді.
3 ) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Жүргізілген талдау негізінде 2025 жылы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мыналар болып табылады: «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» - 277 Мемлекеттік қызметтің 231 көрсетілген қызметі, бұл мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 83,4% - ын құрайды.
- Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Халықты ақпараттандыру мақсатында, ММ көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы өзекті ақпарат Жітіқара ауданы әкімдігінің және Жітіқара қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, ММ ақпараттық стендінде, сондай-ақ жалпыға қолжетімді жерде фронт-офис фойесінде орналастырылған.
ММ-де сенім телефоны бар, оның нөмірі БАҚ-та жарияланған, шағымдарға арналған стационарлық жәшік, сондай-ақ шағымдарға арналған кітап орналастырылған. Жыл бойы газет, радио беттерінде Мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты мәселелерді жариялау бойынша жарияланымдар шығады.
Мемлекеттік қызметтер ММ фронт-офисінде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы интернет-портал арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі туралы білікті кеңес алады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Интернет-ресурстар арқылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қағидалар туралы ақпарат орналастырылды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2025 жыл ішінде «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру бойынша интернет-ресурстарда 12 жарияланым орналастырылды, сондай-ақ тікелей эфирлер өткізілді.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі оңтайландырылды, «Республикалық, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың маңызы бар қала, шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі қосылды.
Қала әкімдігі көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер веб-порталдың сайтында бар. 2025 жылдың соңына мемлекеттік қызметтердің 2 түрі («Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту», «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату») веб-портал арқылы сайттың жұмыс істемеуіне байланысты көрсетіле алмайды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер біліктілікті арттыру курстарына жіберілген жоқ
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Барлық мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесі мен регламентіне сәйкес көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Есепті кезеңде шағымдар түскен жоқ.
2 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен ескертулерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша ММ-де тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2025 жылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бақылау барысында жойылған бұзушылықтар анықталды.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ММ-нің одан әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында 2025 жылға жоспарланған:
- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру.
- қызмет алушылар арасында мемлекеттік қызметтерді «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру.
- белгіленген мерзімдерді бұзбай, ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау
- Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу жоспарлануда.
Жітіқара ауданы
Жітіқара қаласының әкімі М.Ордашев