Жалпыға бірдейдекларациялаубойынша анықтама
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, декларация тапсыру міндетті мына тұлғаларда туындайды:
- Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны(250.00-СЕН):
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай декларацияны тапсыру міндеті жүктелген адамдар;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде меншік (талап) құқығында мынадай мүлкі:
құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі;
шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында 1000 АЕК асатын сомада ақшасы;
инвестициялық алтыны;
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
шетелдік брокерлік шоттарда ақшасы;
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, бір бірлік үшін құны 1000 АЕК асатын өзге де мүлкі болған жағдайда Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, резиденттері ұсынады.
- Кірістер мен мүлік туралы декларацияны(270.00-СЕН):
1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар;
2) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары (зайыптары);
3) кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісті алған жеке тұлғалар;
4) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында 1 000 АЕК асатын сомада ақшасы бар жеке тұлғалар;
5) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлкі:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік не шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын құқықтар және (немесе) мәмілелер;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
инвестициялық алтыны бар жеке тұлғалар;
6) есепті салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерде жиынтық құны 20 000 АЕК асатын мүлікті:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;
мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;
заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
бағалы қағаздарды;
туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
тұрғын үй құрылысына қатысу үлестерін;
инвестициялық алтынды сатып алған адамдар.
Мүліктің жиынтық құны есепті салықтық кезең ішінде оны сатып алу бағаларын жинақтау арқылы айқындалады.
7) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар адамдар;
8) жалғыз кіріс көзі болып табылатын, төлем көзінен салық салуға жататын кіріс алған адамдарды қоспағанда, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде есепті салықтық кезең үшін 8 500 АЕК асатын кірістер алған жеке тұлғалар;
9) есепті салықтық кезең үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде 230 000 АЕК асатын сомада дивидендтер түрінде кіріс алған жеке тұлғалар ұсынады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында айқындалған жағдайларда туындайтын табыстар мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттемелер ағымдағы есепті кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндетті орындайтын тұлғаларға қолданылмайды.
Декларацияларды тапсыру мерзімдері мен тәсілдері өзгерген жоқ. Мәселен, декларацияларды тапсыру мерзімі:
- активтер мен міндеттемелер туралы (250.00-нысан) міндеттеме туындаған жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей;
- кірістер мен мүлік туралы (270.00-нысан) есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
Декларацияларды тапсыру штаттық режимде (салық төлеушінің кабинетінде, eGov, мобильді қосымшалар арқылы электронды түрде ұсынылады) не МКО/ХЦК, пошта арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Справка
по всеобщему декларированию
Согласно Налоговому кодексу Республики Казахстан, вступившему в силу с 1 января 2026 года, обязанность представить декларации возникает у следующих лиц:
- декларацию об активах и обязательствах (ФНО 250.00):
1) лица, на которых возложена обязанность по представлению такой декларации в соответствии с Конституционным законом Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан» и законами Республики Казахстан « О противодействии коррупции », « О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан », « О страховой деятельности », « О рынке ценных бумаг »;
2) совершеннолетние граждане, резиденты Республики Казахстан в случае наличия за пределами Республики Казахстан на праве собственности (требования) следующего имущества:
имущества, по которому права и (или) сделки подлежат государственной или иной регистрации в компетентном органе иностранного государства;
денег на банковских счетах в иностранных банках в сумме, совокупно превышающей по всем банковским вкладам 1000 МРП;
инвестиционного золота;
доли участия в уставном капитале юридического лица, созданном за пределами Республики Казахстан;
доли участия в жилищном строительстве;
ценных бумаг, производных финансовых инструментов, эмитенты которых зарегистрированы за пределами Республики Казахстан;
денег на иностранных брокерских счетах;
объектов интеллектуальной собственности, авторского права за пределами Республики Казахстан;
задолженности других лиц перед физическим лицом (дебиторской задолженности) и (или) задолженности физического лица перед другими лицами (кредиторской задолженности);
прочего имущества, стоимостью за единицу свыше 1000 МРП, при наличии стоимости определенной в отчете об оценке, проведенной по договору между оценщиком и налогоплательщиком в соответствии с законодательством Республики Казахстан об оценочной деятельности либо законодательством иностранного государства;
- декларацию о доходах и имуществе (ФНО 270.00):
1) лица, на которых в соответствии с законами Республики Казахстан « О противодействии коррупции », « О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан », « О страховой деятельности », « О рынке ценных бумаг » возложена обязанность по представлению декларации о доходах и имуществе;
2) руководители, учредители (участники) субъектов квазигосударственного сектора, юридических лиц, владеющие более 10 процентов доли в уставном капитале (акций акционерного общества), а также их супруги – резиденты, за исключением учредителей (участников) некоммерческих организаций;
3) физические лица, получившие доход, подлежащий налогообложению физическим лицом самостоятельно, за исключением доходов от предпринимательской деятельности;
4) физические лица, имеющие по состоянию на 31 декабря отчетного налогового периода деньги на банковских счетах в иностранных банках, находящихся за пределами Республики Казахстан, в сумме, в совокупности превышающей 1000 МРП;
5) физические лица, которые имеют по состоянию на 31 декабря отчетного налогового периода следующее имущество на праве собственности:
имущество, которое подлежит государственной или иной регистрации (учету), либо права и (или) сделки по которому подлежат государственной или иной регистрации (учету) в компетентном органе иностранного государства;
ценные бумаги, эмитенты которых зарегистрированы за пределами Республики Казахстан;
долю участия в уставном капитале юридического лица, зарегистрированного за пределами Республики Казахстан;
объекты интеллектуальной собственности, авторского права, зарегистрированные за пределами Республики Казахстан;
инвестиционное золото;
6) лица, которые в течение отчетного налогового периода приобретали имущество, совокупная стоимость которого превышает 20 000 МРП, в Республике Казахстан и (или) за ее пределами:
недвижимое имущество, подлежащее государственной или иной регистрации, а также имущество, по которому права и (или) сделки подлежат государственной или иной регистрации;
механические транспортные средства и прицепы, подлежащие государственной регистрации;
доли участия в уставном капитале юридического лица;
ценные бумаги;
производные финансовые инструменты (за исключением производных финансовых инструментов, исполнение которых происходит путем приобретения или реализации базового актива);
доли участия в жилищном строительстве;
инвестиционное золото.
Совокупная стоимость имущества определяется путем суммирования цен его приобретения в течение отчетного налогового периода;
7) лица, имеющие по состоянию на 31 декабря отчетного налогового периода в собственности цифровые активы;
8) физические лица, получившие доходы, в том числе за пределами Республики Казахстан, превышающие за отчётный налоговый период 8 500 МРП, за исключением лиц, получивших доход в виде заработной платы, подлежащей налогообложению у источника выплаты и являющейся единственным источником дохода;
9) физические лица, получившие доход в виде дивидендов, в том числе за пределами Республики Казахстан, в сумме, превышающей за отчетный налоговый период 230 000 МРП.
Обязательства по преставлению декларации о доходах и имуществе, возникающие в случаях, определенных подпунктами 4) и 5) настоящего пункта, не распространяются на лиц, исполняющих в текущем отчетном периоде обязанность по представлению декларации об активах и обязательствах.
Сроки и способы представления декларацийне изменились. Так, срок представления деклараций:
- об активах и обязательствах (форма 250.00) не позднее 15 сентября года, в котором возникло обязательство;
- о доходах и имуществе (форма 270.00) не позднее 15 сентября года, следующего за отчётным.
Подача деклараций осуществляется в штатном режиме (представляются в электронном виде в кабинет налогоплательщика, eGov, мобильные приложения) либо на бумаге через ОГД/ЦОН, по почте).