Бұқаралық ақпарат құралдарына және
онлайн-платформаларды пайдаланушыларға арналған сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөніндегі
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін кемінде бес күннен кешіктермей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялап, сондай-ақ оларды Аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.
Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды.
Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта: [email protected] мекенжайы: Ақтөбе облысы., Әйтеке би ауданы., Темірбек Жүргенов ауылы., Ы.Алтынсарин көшесі №9, 7 бөлме, жолдауға болады.