Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданы мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әйтеке би ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағасы |
С.М.Таласбаев |
Хатшы |
С.А.Рампеилов |
Темірбек Жүргенов ауылы,
2026 жылғы 13 қазан,
№ 21