
Ақтөбе облысы, Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
2026 жылғы 13 қазан № 21
қаулысына қосымша
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының
кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
үлгі күнтізбелік жоспары
1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | ||
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей (14-б. 6) т., 22-б.) | ||
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | ||
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.) | ||
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | ||
Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.) | ||
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | ||
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.) | ||
5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну | ||
Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы 2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады (103-б.) | ||
6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.) 7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну | ||
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.) | ||
|
8. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу | ||
Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары 2026 жылғы 14 қазанда басталады және 1қарашада сағат 18:00-де аяқталады (104-б.) | ||
9. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну | ||
Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.) | ||
10. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | ||
Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.) | ||
|
11. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу | ||
|
Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт., 31-б.) | ||
|
12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын тексеру | ||
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.) | ||
|
13. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу | ||
Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары Кандидат, партиялық тізім тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.) | ||
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау | ||
Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары Айына екі рет | ||
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру | ||
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін (28-б. 6-т.) | ||
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу | ||
|
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 1қарашада сағат18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) | ||
17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | ||
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) | ||
|
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну | ||
Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 8 қараша (26-1 б. 1-т.) | ||
19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өздері туралы деректермен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну | |||||||
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы13 қарашадан бастап (26-б. 1-т.) | |||||||
20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету | |||||||
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 қарашаға дейін (18-б. 5) т., 38-б., 2-т.) | |||||||
21. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу | |||||||
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 қарашағадейін (38-б. 1-т., 3-т.) | |||||||
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу | |||||||
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 26 қарашадан ерте емес және28 қарашаға дейін (37-б. 3-т.) | |||||||
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау | |||||||
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) | |||||||
24. Дауыс беруді өткізу | |||||||
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) | |||||||
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау | |||||||
Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс беру уақыты өзгермесе, сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс (18-б. 8) т., 43-б.) | |||||||
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу | |||||||
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу ( 43-б. 8-т.) | |||||||
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну | |||||||
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) | |||||||
29. Мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу | |||||||
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткен күннен кейін екі күндік мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей (14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б., 3-т) | |||||||
30. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау | |||||||
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей (111-б. 1-т.) | |||||||
32. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі тапсыру | |||||||
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.) | |||||||
33. Тиісті сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру | |||||||
Кандидаттар, саяси партиялар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.) | |||||||
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.