Табысты алмастыру коэффициенті – зейнетақы лайықтылығының көрсеткіші ретінде

    ·

    Әлемде зейнетақы жүйесінің лайықтылығын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – зейнетақының азаматтың бұған дейін алып келген еңбекақысына пайыздық қатынасын көрсететін кірісті алмастыру коэффициенті (КАК). Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдарына сәйкес, КАК 40%-дан кем болмаған жағдайда зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі лайықты деп есептеледі. Ал ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінде орташа жиынтық КАК шамамен 60%-ды құрайды.
    Қазақстанда базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы есебінен қалыптасатын қазіргі КАК (республика бойынша орташа жиынтық зейнетақының орташа айлық жалақыға қатынасы ретінде есептелген) шамамен 44%-ды құрайды. КАК-тың бұл деңгейі ХЕҰ-ның ең төменгі ұсынымына сәйкес келгенімен, ЭЫДҰ елдерінің көрсеткішінен төмен.
    Бұл ретте жиынтық КАК-тың жартысынан астамы ынтымақты зейнетақы есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Алайда, жаңадан зейнетке шығатындардың 1998 жылға дейінгі (ынтымақты зейнетақыны есептеу кезінде ескерілетін) еңбек өтілінің азаюына байланысты, олар үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызы жыл өткен сайын арта түсуде.
    Зейнетақы жинақтары рөлінің артуы - жаһандық үрдіс. Бұл демографиялық ахуалдың және еңбек нарығының өзгеруімен байланысты, өйткені бұл факторлар тарату (ынтымақты, сақтандыру) жүйесінің қаржылық тұрақсыздығына әкеп соғады. Халықаралық зерттеулердің деректері бойынша, азаматтар үшін міндетті зейнетақы жинақтарын енгізген елдер саны 1999 жылы 17 болса, қазір 50-ден асты.
    Жинақтаушы жүйеде болашақ зейнетақының мөлшері жеке зейнетақы шотындағы жинақ сомасына тікелей байланысты. Жинақтар зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс есебінен өседі, әрі азаматтардың жекеменшігі болып табылады. Бұл оларды өз жинақтарын дербес қалыптастыруға ынталандырады.
    Зейнетақының лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін үш негізгі шарт маңызды:
    • бүкіл еңбек қызметі барысында жүйеге қатысудың ұзақтығы;
    • жарналарды төлеудің жүйелілігі (ай сайын, жылына 12 рет төлеген жөн);
    • жарналардың барлық еңбек табысынан толық көлемде төленуі.
    ЭЫДҰ-ның[1] ұзақмерзімді актуарлық есептеулері КАК-тың зейнетақы жарналарының мөлшерлемесіне, сондай-ақ оларды төлеудің ұзақтығы мен жүйелілігіне тікелей тәуелді екенін (төмендегі диаграммада) көрсетеді. ЭЫДҰ есептеулеріне сүйенсек, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне үздіксіз қатысу және ұзақ уақыт бойы жарналарды тұрақты аударып тұру болашақ зейнетақыны айтарлықтай арттырады.

    Кірісті алмастыру коэффициенті, жарналардың мөлшерлемелері және жүйелілігі
    Диаграммадан көрініп тұрғандай, тек жинақтаушы зейнетақы есебінен КАК деңгейін 30%-дан кем қылмай қамтамасыз ету үшін зейнетақы жарналарын мынадай тәртіппен төлеу қажет:
    1. кемінде 13% мөлшерлемемен - 40 жыл бойы;
    2. немесе кемінде 18% мөлшерлемемен - 30 жыл бойы.
    Айта кету керек, халықаралық тәжірибеде қолданылатын жарна мөлшерлемелері ЭЫДҰ-ның осы есептеулеріне толық сәйкес келеді. Мысалы, ЭЫДҰ елдерінде зейнетақы жарнасының орташа мөлшерлемесі - 18,8%-ды құраса, 2025 жылғы MCGPI (Mercer CFA Institute Global Pension Index) жаһандық зейнетақы индексіне кірген озық зейнетақы жүйесі бар елдерде орташа мөлшерлеме шамамен 17-18%-ды құрайды.
    Қазақстанда 2023 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін), ал ең жоғары деңгейін (100%-дан 120%-ға дейін) кезең-кезеңімен арттыру шаралары іске асырылып жатыр.
    Көптеген елдерде зейнетақы жүйелері тек жұмыскерлердің емес, өз қызметкерлерінің пайдасына жарна аударатын жұмыс берушілердің де қатысуын көздейді. Сондықтан халықаралық тәжірибе мен есептеулерді ескере отырып, Қазақстанда жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарналарына (МЗЖ) қосымша ретінде 2024 жылдан 2028 жылға дейін мөлшерлемесін 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен өсіру арқылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілді. Енді жарна мөлшерлемелері (10% МЗЖ және 5% ЖМЗЖ) халықаралық тәжірибеге және ЭЫДҰ-ның актуарлық есептеулеріне толық сай келеді.
    Нәтижесінде, Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесінде зейнетақы үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында тең бөлінген.
    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында саяси партиялардың басшыларымен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңес өтті

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында саяси партиялардың басшыларымен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңес өтті Ағымдағы жылғы 24 шілдеде 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының деп...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    Шетелде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Меркі ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Меркі ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері (2026 жылдың 24 шілдесі – 21 тамызы аралығы) ҚР Құрылтай сайлауы Саяси партия атауы шілде 24жұм...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті 2026 жылғы 20 шілдеде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кездесуі үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар

    Меркі ауданы әкімдігінің ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедег...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Меркі ауданы әкімдігінің Меркі ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті

    Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті Ағымдағы жылғы 20 шілдесінде Меркі ауданы әкімдігінің ғимаратында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депут...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Меркі ауданының активімен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Меркі ауданының активімен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді 📌 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлау...

    Жарияланды: