Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті

    ·

    Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті

    Ағымдағы жылғы 20 шілдесінде Меркі ауданы әкімдігінің ғимаратында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті.

    Жиынға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бекжан Кеңесбек, Мойынқұм ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов, құқық қорғау органдарының және жауапты мемлекеттік мекемелердің басшылары, штаб мүшелері мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

    Штаб отырысында сайлауға дайындық барысы, ақпараттандыру жұмыстарының ұйымдастырылуы, сайлау учаскелерінің дайындығы, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлау кезеңінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау және сайлау учаскелеріндегі телефон, интернет, жарық мәселелері қаралды.

    Күн тәртібіне сәйкес, жауапты сала басшылары өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасап, сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру жөніндегі дайындық барысы талқыланды.

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов сайлау процесінің ашықтығы, заңдылығы және әділ өтуін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, жауапты органдардың өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті.

    Жиын соңында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов жауапты мекемелерге сайлауға дайындық жұмыстарын сапалы жүргізуді, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және жүктелген міндеттердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында саяси партиялардың басшыларымен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңес өтті

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында саяси партиялардың басшыларымен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңес өтті Ағымдағы жылғы 24 шілдеде 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының деп...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    Шетелде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Меркі ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Меркі ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері (2026 жылдың 24 шілдесі – 21 тамызы аралығы) ҚР Құрылтай сайлауы Саяси партия атауы шілде 24жұм...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті 2026 жылғы 20 шілдеде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кездесуі үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар

    Меркі ауданы әкімдігінің ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедег...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Меркі ауданы әкімдігінің Меркі ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Меркі ауданының активімен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Меркі ауданының активімен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді 📌 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтық бюджет 01.07.2026

    Жарияланды: