Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Меркі ауданының активімен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді

    ·

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Меркі ауданының активімен және тұрғындармен

    ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді

    📌 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында ағымдағы жылғы 20 шілдесінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында сайлау заңнамасындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.

    📌 Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов, комиссия мүшесі Е. Жапаров, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б. Кеңесбек, аудан әкімі
    Е. Жиенқұлов, аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, құқық қорғау және құзырлы органдардың басшылары, мәслихат төрағасы және мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, жергілікті қауымдастықтың төрағасы, аудандық саяси партиялар филиалдары мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері, БАҚ өкілдері мен жас сайлаушылар клубының мүшелері және жұмысшы жастар қатысты.

    📌 Кездесу барысында Серғали Айдапкелов Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып, жаңа сайлау жүйесінің ерекшеліктерін түсіндірді.

    📌 Атап айтқанда, Құрылтай депутаттарын пропорционалды жүйе бойынша партиялық тізіммен сайлау тәртібі, сайлау комиссияларының өкілеттіктері, әкімдерді тағайындау және сайлау тәртібіндегі жаңашылдықтар, сондай-ақ сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістерге кеңінен тоқталып өтті.

    📌 Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлаушыларға сайлау процесін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты заңдар мен заңнамалық актілерді түсіндіру және Құрылтай сайлауына байланысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ, әлеуметтік желілер мен сайлау комиссияларының сайттары арқылы да ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

    📌 Кездесуде қатысушылар заңнамалық жаңашылдықтардың практикалық маңызы жөнінде пікір алмасып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын жолдады. Қойылған сұрақтардың барлығына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, құқықтық нормаларды қолдану тәртібі нақты түсіндірілді.

    📌 Кездесу соңында С. Айдапкелов жаңа заңнаманы түсіндіру және алдағы Құрылтай сайлауына қатысты халықты ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында саяси партиялардың басшыларымен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңес өтті

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында саяси партиялардың басшыларымен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңес өтті Ағымдағы жылғы 24 шілдеде 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының деп...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    Шетелде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Меркі ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Меркі ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері (2026 жылдың 24 шілдесі – 21 тамызы аралығы) ҚР Құрылтай сайлауы Саяси партия атауы шілде 24жұм...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті 2026 жылғы 20 шілдеде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кездесуі үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар

    Меркі ауданы әкімдігінің ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедег...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Меркі ауданы әкімдігінің Меркі ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті

    Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті Ағымдағы жылғы 20 шілдесінде Меркі ауданы әкімдігінің ғимаратында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депут...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтық бюджет 01.07.2026

    Жарияланды: