АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлемақы мөлшері туралы мәліметтерді жариялау туралы
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, сайлауалды үгітті жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлемақы мөлшері туралы мәліметтерді хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ оларды Аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.
Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды.
Үгіт материалдарын орналастыру шарттары, төлемақы мөлшері туралы мәліметтерді келесі электрондық пошта мекенжайына жіберуге болады: