«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына,101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Темір ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2.Осы қаулы Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
3.Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.