Темір ауданы бойынша барлық археологиялық ескерткіштер тізімі

    Темір ауданы әкімдігі

    Темір ауданы әкімдігі·
    № № Ескерткіштің атауы Ескерткіштің сипаттамасы Тарихи мәліметтер Хронологиясы Қазіргі жағдайы Координаттары Архив мәліметтері Ұсыныстар
    232 232 Ақкөл І қорғаны Степное ауылынан батыс-солтүстік-батысқа қарай 12,8 км және Ақкөл ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 8,1 км қашықтықта орналасқан. Артысай сайының оң жағалауындағы қыратта салынған жалғыз қорған түрінде берілген. Тас-топырақ үйінділі қорғанның биіктігі 0,4 м, диаметрі 9 м. Оңтүстік-батысқа қарай 340 м жерде қазақ зираты орналасқан. Жанынан дала жолы өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°45'15,5", E058°29'30,4". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    233 233 Әлімбет IV бейіті Әлімбет ауылынан батыс-солтүстік-батысқа қарай 7 км қашықтықта, Ебейти өзенінің сағасы жағынан Әлімбет және (тұрғыны жоқ) Ебейти елді мекендеріне баратын топырақ жолдың бойында орналасқан. Қыргелдісай және Ебейти өзендері аралығындағы су айрығының шыңында салынған он қорғаннан тұрады. № 1 қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,6 м, диаметрі 20 м. № 1–4 қорғандар шағын топ құрып, ендік бағытта 80 метрге созылып жатыр. Келесі топты топырақ жолдың бойында орналасқан № 8, 9 және 10 қорғандар құрайды. Қалған қорғандар жоғарыда аталған топтардан оңтүстікке қарай жүздеген метр қашықтықта орналасқан. Қорғандардың биіктігі 0,3 м-ден 0,6 м-ге дейін, диаметрі 7 м-ден 20 м-ге дейін. Барлық қорғандар шабындық алқапта орналасқан, ауыл шаруашылығы әрекетінің нәтижесінде үйінділері қатты өзгеріске ұшыраған. № 7 қорғанның тас үйіндісі бар, ал № 1, 4, 5, 6, 8, 9, 10 қорғандардың үйінділері тас-топырақты болып келеді. Қорымнан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 1,2 км жерде Әлімбет II қорымы орналасқан. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлықсыз N51°00'06,33" E58°20'15,78" N51°00'05,95" E58°20'14,39" N51°00'06,34" E58°20'17,21" N51°00'06,46" E58°20'18,53" N51°00'01,84" E58°20'08,86" N51°00'02,90" E58°20'14,70" N51°00'05,18" E58°20'05,93" N51°00'09,88" E58°20'07,09" N51°00'08,55" E58°20'07,70" N51°00'08,58" E58°20'06,65" 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    234 234 Артысай І қорғаны Артысай ауылынан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 4,5 км және Ілшебек шатқалынан оңтүстікке қарай 2,7 км қашықтықта орналасқан. Оңтүстіктегі Артысай сайы мен солтүстіктегі Ілшебек шатқалының аралығындағы қыратта орналасқан жалғыз тас-топырақ үйінділі қорған түрінде берілген. Ескерткіштен шығысқа қарай 2,2 км қашықтықта мемлекеттік шекара өтеді. Қорғанның биіктігі 0,5 м, диаметрі 16 м. Қорғанның басына триангуляциялық белгі орнатылған, оның түбінде өлшемі шамамен 35x20x25 см болатын тас блок байқалады. Қорғанның жанынан топырақ жол өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Қола дәуірі Қанағаттанарлықсыз N50°48'37,50", E58°37'27,01". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    235 235 Ащылысай ІІ бейіті Ащылысай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4,3 км қашықтықта, Ебейти өзенінің оң жағалаулық саласы – Ақтөбе өзенінің сол жағалауындағы су айрығында орналасқан. Солтүстік-оңтүстік бағытында созылып жатқан екі топырақ қорғаннан тұрады. Қорғандардың өлшемдері: биіктігі 0,7 м, диаметрлері сәйкесінше 12 және 14 м. Олардан батысқа қарай меридиандық бағытта топырақ жол өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°48'58,2", E058°17'43,9". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    236 236 Бозтөбе І қорғаны Бозтөбе ауылынан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 4,7 км қашықтықта, Ілшебек шатқалы мен Шаңдаша өзені аралығындағы су айрығында орналасқан. Қорғанның биіктігі 0,7 м, диаметрі 13 м. Тас-топырақ үйінділі қорғанның басына триангуляциялық белгі орнатылған. Жанынан дала жолы өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°50'15,3", E058°32'06,2". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    236 236 Бөгенбай XII қорғаны Бөгенбай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3,2 км және Бөгембай III қорымынан солтүстік-шығысқа қарай 1,8 км қашықтықта орналасқан. Ебейти өзенінің сол жағалауындағы қыратта салынған жалғыз қорған түрінде берілген. Тас-топырақ үйіндісі бар. Қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,7 м, диаметрі 10 м. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°57'53,97", E58°14'51,39". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    237 237 Бөгенбай XIІI қорғаны Бөгенбай ауылынан оңтүстікке қарай 6,5 км қашықтықта орналасқан. Ебейти өзенінің сол жақ саласы – Шошка (Чаушка) өзенінің сол жағалауында салынған жалғыз қорған болып табылады. Қорғанның үйіндісі тастан жасалған, диаметрі 15 м, биіктігі 0,4 м. Қорған үйіндісінің түбін жағалай теріскен (чилига) өсіп тұр. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Қола дәуірі Қанағаттанарлық N50°52'45,55", E58°12'08,67". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    238 238 Бұтақ І қорғаны Қарабұтақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5,5 км қашықтықта, Қарабұтақ және Бұтақ өзендерінің аралығындағы қыратта орналасқан жалғыз топырақ қорған. Қорғанның үйіндісі топырақтан жасалған. Биіктігі 1,4 м, диаметрі 20 м. Қорғанның жанынан топырақ жол өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°39'25,14", E58°01'20,74". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    239 239 Жоғары Шилісай ІІ қорғаны Жоғарғы Шилисай шатқалынан солтүстікке қарай қыратта және Қабантау қорғанынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,7 км, Петропавловка ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 9,8 км қашықтықта орналасқан. Қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,5 м, диаметрі 10 м. Төбесіне триангуляциялық белгі орнатылған. Ескерткіштің жанынан топырақ жол өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Қола дәуірі Қанағаттанарлықсыз N50°30'06,71", E57°35'14,70". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    240 240 Гүрілдек Х бейіті Ақжайық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12,5 км қашықтықта орналасқан. Қолымбай өзенінің сол жағалауындағы қыраттың солтүстік-шығыс шетінде салынған үш топырақ қорғаннан тұрады. 1-ші қорған қорымның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Оның диаметрі 22 м, биіктігі 1 м. Өлшемдері бірдей 2-ші және 3-ші қорғандар 1-ші қорғаннан оңтүстік-батысқа және батысқа қарай сәйкесінше 40 және 73 м қашықтықта орналасқан. Олардың өлшемдері: диаметрі 12 м, биіктігі – 0,4 м. Қорымнан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 700 м қашықтықта Гүрілдек III ескерткіші орналасқан. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°58'44,40" E57°52'21,75" N50°58'43,78" E57°52'19,97" N50°58'44,48" E57°52'18,00" 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    241 241 Дамбар V бейіті Көсестек ауылынан батыс-оңтүстік-батысқа қарай 15,7 км, Жездібай ауылынан шығысқа қарай 11,6 км қашықтықта, Дамбар өзенінің сол жағалауындағы қыратта орналасқан. Төрт қорғаннан тұрады. 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,5 м, диаметрі 10 м. Шығысқа қарай 36 м қашықтықта 2-ші қорған орналасқан (0,4х12 м). Екі қорғанның да үйіндісі тасты-топырақты. 1-ші қорғаннан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 83,5 м қашықтықта тас үйінділі 3-ші қорған орналасқан. Оның өлшемдері: биіктігі 0,3 м, диаметрі 10 м. Топырақ үйінділі 4-ші қорған (0,3х10 м) 1-ші қорғаннан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 117 м қашықтықта орналасқан. Қорымның жанынан топырақ жол өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°42'45,90" E57°39'50,58" N50°42'45,78" E57°39'52,44" N50°42'48,55"E57°39'49,71"; N50°42'47,06", E57°39'56,30". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    242 242 Ебейті XVI бейіті Бөгенбай ауылынан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 9,4 км қашықтықта, Ебейті өзенінің сол жағалауындағы қыратта орналасқан. Қорым екі қорғаннан тұрады. 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,6 м, диаметрі 8 м. Үйіндісі тасты. 1-ші қорғаннан оңтүстік-батысқа қарай 387 м қашықтықта үйіндісінде тас құрылымы бар 2-ші қорған (1х12-8 м) орналасқан. Тас құрылымы төртбұрышты пішінге ие. Оның өлшемдері: ені 8 м, ұзындығы 12 м. Ескерткіштен батыс-оңтүстік-батысқа қарай 4,9 км қашықтықта Қосағаш III қорғаны орналасқан. Жанынан дала жолы өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Қола және орта ғасыр дәуірлері. Қанағаттанарлық N51°01'24,62", E58°09'19,18"; N51°01'16,57", E58°09'03,90". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    243 243 Ебейті-XVII қорғаны Бөгенбай ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 5,5 км қашықтықта, Ебейті өзенінің сол жағалауындағы қыратта орналасқан. Қорғанның үйіндісі топырақты. Қорғанның биіктігі 0,5 м, диаметрі – 11 м. Ескерткіштен солтүстікке қарай 1,3 км қашықтықта Бөгенбай мен Әлімбет елді мекендерін байланыстыратын топырақ жол өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°55'46,36", E58°17'27,36". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    244 244 Егінді VI қорғаны Қосестек ауылынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 6,6 км қашықтықта орналасқан. Қосестек өзенінің сол саласы — Егінді өзенінің оң жағалауының суайрығында, Ақтөбе-Орск тас жолынан өзенге қарай оңтүстікке баратын топырақ жолдың оң жағында орналасқан жеке қорған. Қорған тастан жасалған, диаметрі 9 м, биіктігі 0,6 м. Қорғанға іргелес учаскелер жыртылған. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Орта ғасыр дәуірі Қанағаттанарлық N50°45'38,4", E057°59'06,9". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    245 245 Жездібай ХІІ қорғаны Шәмші Қалдаяков атындағы ауылдан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 8,7 км қашықтықта, Петропавловка ауылынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 11,3 км қашықтықта, Жездыбай өзенінің сол жағалауындағы қыраттың шетінде орналасқан. Тас қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,5 м, диаметрі 12 м. Жанынан дала жолы өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Орта ғасыр дәуірі Қанағаттанарлық N50°38'51,66", E57°28'03,88". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    246 246 Жездібай ХІІІ қорғаны Шәмші Қалдаяков атындағы ауылдан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 9,6 км қашықтықта, Петропавловка ауылынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 12,7 км қашықтықта орналасқан. Жездыбай өзенінің сол жағалауындағы қыраттың шетінде салынған жеке қорған. Тас қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,5 м, диаметрі 14 м. Ортасында шұңқыр байқалады. Жанынан дала жолы өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйек айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Орта ғасыр дәуірі Қанағаттанарлық N50°39'38,69", E57°28'26,24". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    247 247 Елшібек І қорғаны Бозтөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10,6 км қашықтықта орналасқан ескерткіш. Ол Елшібек шатқалының сол жағындағы биік жағалауда салынған жеке қорған түрінде берілген. Қорғанның тастан үйілген үйіндісі бар. Қорғанның биіктігі 0,4 метр, диаметрі – 12 метр. Қорғанның төбесінде ойыс байқалады. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясымен 2022 жылдың қыркүйек айында анықталған ескерткіш. Орта ғасыр дәуірі Қанағаттанарлық N50°49'55,95", E58°36'16,13". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    248 248 Елшібек ІІ қорғаны Бозтөбе ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 6,3 км қашықтықта, оңтүстіктегі Елшібек шатқалы мен солтүстіктегі Шандаша өзені аралығындағы суайрықта орналасқан ескерткіш. Қорғанның тас-топырақ үйіндісі бар. Қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,6 м, диаметрі 14 м. Ескерткіштің төбесінде ойыс бар. Ескерткіштің батысынан меридиан бағытында топырақ жол өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясымен 2022 жылдың қыркүйек айында анықталған ескерткіш. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°51'02,01", E58°35'47,13". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    249 249
    Қайрақты І қорғаны
    Қайрақты ауылынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 2,3 км қашықтықта, Даңғазақ жырасының солтүстігіндегі қыратта орналасқан ескерткіш. Топырақ үйіндісі бар қорғанның биіктігі 0,6 м, диаметрі 25 м. Ескерткіштің солтүстігінде егістік жер жатыр. Маңынан дала жолы өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясымен 2022 жылдың қыркүйек айында анықталған ескерткіш. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°40'35,5" E058°26'43,9" 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    250 250 Қайрақты ІІ бейіті Қайрақты ауылынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 4,3 км қашықтықта, Даңғазақ жырасының солтүстігіндегі қыратта орналасқан ескерткіш. Қорым алты қорғаннан тұрады, оның бесеуі ендік бағытында созылып жатыр, ал 6-шы қорған (0,3х15 м) оңтүстік тарапта орналасқан және ол жыртылады. Тас үйіндісі бар 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 1 м, диаметрі 20 м. Қалған қорғандардың биіктігі 0,4-1 м, диаметрі 10-15 м. 4-ші қорғанның түбінде тас крепида (қоршау) байқалады. 1-ші қорғанның төбесіне бұрын триангуляциялық белгі орнатылған. Маңынан дала жолы өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясымен 2022 жылдың қыркүйек айында анықталған ескерткіш. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°41'09,6", E058°25'19,5";N50°41'10,1", E058°25'16,2";N50°41'08,7", E058°25'23,9";N50°41'09,2", E058°25'26,9"; N50°41'09,7", E058°25'27,9"; N50°41'02,9", E058°25'15,2". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    251 251 Қайрақты ІІІ бейіті Қайрақты ауылынан шығысқа қарай 4 км қашықтықта, Даңғазақ жырасының оңтүстігіндегі қыратта орналасқан ескерткіш. Екі тас және бір топырақ қорғаннан тұрады. 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,7 м, диаметрі 15 м. Қорым егістік жерде орналасқан және 2-ші қорғанның (0,3х14 м) үйіндісі қатты бұзылған (деформацияланған). 3-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,3 м, түбінің аумағы 10х14 м. Маңынан дала жолы өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясымен 2022 жылдың қыркүйек айында анықталған ескерткіш. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлықсыз N50°40'10,9", E058°25'08,9";N50°40'08,1", E058°25'18,3";N50°40'12,2", E058°25'13,7". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    252 252 Қайрақты-ІV бейіті Қайрақты ауылынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 2,2 км қашықтықта, Даңғазақ жырасының оңтүстігіндегі қыратта орналасқан ескерткіш. Қорым он қорған мен қоршаудан тұрады. Барлық қорғандар мен қоршаулардың үйінділерінде тастар бар. 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,5 м, диаметрі 20 м. Қалған нысандардың биіктігі 0,1-0,4 м, диаметрі – 7-16 м. Маңынан дала жолы өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясымен 2022 жылдың қыркүйек айында анықталған ескерткіш. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°40'14,9", E058°26'38,1" N50°40'13,4", E058°26'41,4"; N50°40'13,4", E058°26'38,5"; N50°40'12,7", E058°26'38,0";N50°40'12,9", E058°26'37,4"; N50°40'13,0", E058°26'36,6"; N50°40'12,6", E058°26'35,0"; N50°40'10,6", E058°26'34,1"; N50°40'10,6", E058°26'33,1"; N50°40'14,0", E058°26'34,1". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп.
    253 253 Қайрақты V қорғаны Қайрақты ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 3 км қашықтықта орналасқан ескерткіш. Топырақ үйіндісі бар қорған Даңғазақ жырасының оңтүстігіндегі қыраттағы егістік жерде салынған. Топырақ қорғанның биіктігі 1,2 м, диаметрі 20 м. Маңынан дала жолы өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясымен 2022 жылдың қыркүйек айында анықталған ескерткіш. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°39'35,8", E058°26'07,8". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    254 254 Қайрақты VI бейіті Ескерткіш Қайрақты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7,9 шақырым қашықтықта, Қайрақты өзенінің оң жағалауындағы қыратта орналасқан. Қорым ендік бағытта тізбектеліп орналасқан үш тас-топырақ үйіндісінен тұрады. 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,5 м, диаметрі 11 м. Басқа қорғандардың өлшемдері сәйкесінше биіктігі 0,2 және 0,4 м, диаметрі 6 және 10 м. Жанынан дала жолы өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтады. Орта ғасыр дәуірі Қанағаттанарлық N50°37'25,8", E058°35'15,6"N50°37'27,4"E058°35'09,4" N50°37'25,0", E058°5'17,3". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    255 255 Қайрақты VII бейіті Ескерткіш Қайрақты ауылынан батыс-солтүстік-батысқа қарай 880 метр қашықтықта, қыратта орналасқан. Қорым екі тас-топырақ үйіндісінен (қорғаннан) тұрады. 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,5 м, диаметрі 20 м. Одан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 41 метр қашықтықта 2-ші қорған орналасқан (биіктігі 0,3 м, диаметрі 11 м). 2-ші қорғанның ортасында шұңқыр (ойма) байқалады. Солтүстік жағында жыра бар, жанынан дала жолы өтеді. Бұл ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтады. қола дәуірі, ерте темір дәуірі. Қанағаттанарлық N50°40'14,12" E58°27'49,70" N50°40'13,92" E58°27'51,77" 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    256 256 Қарабұтақ XVII бейіті Ескерткіш Қос-Естек ауылынан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 16,8 шақырым қашықтықта, Қарабұлақ өзенінің оң саласының су айрығындағы көлбеу беткейде орналасқан. Ол батыстан шығысқа қарай созылып жатқан төрт қорғаннан тұрады. Бұл ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтады. Қола дәуірі Қанағаттанарлық N50°34'56,6", E057°49'01,7" N50°34'56,7", E057°49'03,5" N50°34'56,5", E057°49'09,4"; N50°34'56,0", E057°49'00,5". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    257 257 Қарасу ІІ бейіті Ескерткіш Қос Естек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8,4 шақырым және Қарабұлақ ауылынан солтүстікке қарай 6,8 шақырым қашықтықта, Қарабұлақ пен Қарасу өзендерінің аралығындағы қыратта орналасқан. Қорым екі топырақ қорғаннан тұрады. Бұл ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтады. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°40'57,02" E57°58'30,83" N50°40'58,22" E57°58'30,86" 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    258 258 Қарғалы ІІІ қорғаны Ескерткіш Шәмші Қалдаяқов атындағы ауылдан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 14,3 шақырым қашықтықта, Жақсы Қарғалы өзенінің сол жағалауындағы қыратта орналасқан. Қорған топырақ үйіндісінен тұрады.

    Қорғанның өлшемдері: биіктігі 2 м, диаметрі 28 м.

    Ескерткіштің жанынан Ақтөбе–Орск автомобиль жолы және «Ардағым» балық шаруашылығына апаратын қара жол (топырақ жол) өтеді.
    Бұл ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтады. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°38'48,34", E57°43'49,03". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    259 259 Қарғалы қоймасы ІІ қорғаны Ескерткіш Шәмші Қалдаяқов ауылынан шығысқа қарай 16 км қашықтықта, Қарғалы су қоймасының батыс жағалауында, топырақ жолдың бойындағы егістік маңында орналасқан. Тасты-топырақ үйіндісінің биіктігі 0,4 м, диаметрі – 16 м. Ескерткіш 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясымен анықталды. Орта ғасыр дәуірі Қанағаттанарлық N50°33'30,1", E057°46'50,0". 2022 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау есебі
    260 260 Кемпірсай І қорғаны Ескерткіш Қарабұтақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13,3 км қашықтықта және Жосалы ауылынан батыс-солтүстік-батысқа қарай (БСБ) 9,8 км қашықтықта орналасқан. Жеке тұрған қорған Қарабұтақ өзенінің сол саласы – Тассай сайының бастауынан шығысқа қарай, суайрықтың шыңында орналасқан. Ол диаметрі 20 м, биіктігі 0,8 м топырақ үйіндісін білдіреді. Қорғанның үйіндісі триангуляциялық белгіні орнату нәтижесінде зақымданған, одан үш бетон қалдығы сақталған. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°40'45,8", E058°07'58,8". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    261 261 Кемпірсай ІІ қорғаны Ескерткіш Жосалы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км қашықтықта және Қарабұтақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14,6 км қашықтықта орналасқан. Жеке тұрған қорған Қарабұтақ өзенінің салалары болып табылатын Сазды және Тассай атты екі шағын сайдың суайрығының шыңында, Ақтөбе–Бадамша трассасынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Тас-топырақ үйіндісі бар қорған жыл сайынғы жырту жұмыстарының салдарынан қатты деформацияланған. Оның диаметрі 17 м, биіктігі 0,4 м. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Апаттық N50°41'45,5", E058°08'14,1". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    262 262 Қосағаш V бейіті Ескерткіш Ақжайық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9,8 км қашықтықта, Бөгенбай ауылынан батыс-солтүстік-батысқа қарай (БСБ) 7,5 км қашықтықта орналасқан. Қорым Қосағаш өзенінің оң жағалауындағы қыратта орналасқан төрт қорғаннан тұрады. 1-ші қорғанның биіктігі 0,3 м, диаметрі 13 м. Одан солтүстік-батысқа қарай 38 м қашықтықта 2-ші қорған орналасқан (0,3х12 м). 1-ші қорғаннан оңтүстікке қарай 176 м қашықтықта 3-ші қорған орналасқан (0,3х12 м). Барлық аталған қорғандардың топырақ үйінділері бар. 1-ші қорғаннан оңтүстік-оңтүстік-батысқа (ООБ) қарай 222 м қашықтықта 4-ші қорған орналасқан (0,3х10 м), оның үйіндісінде тастар бар. Оңтүстік-батысқа қарай 521 м қашықтықта Қосағаш IV қорымы орналасқан. Қорғандардың үйінділері жыртылған. Жанынан дала жолы өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Қола дәуірі, ерте темір ғасыры. Қанағаттанарлықсыз N50°58'09,92" E58°06'13,64" N50°58'10,80" E58°06'12,40" N50°58'04,23" E58°06'13,16" N50°58'03,24" E58°06'09,46" 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    263 263 Қыргелдісай VI бейіті Әлімбет ауылынан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай (ССБ) 7,7 км қашықтықта, Қыргелдісай өзенінің оң жағалауындағы қыратта орналасқан. Екі қорғаннан тұрады. Қорымнан солтүстікке қарай 300 м қашықтықта мемлекеттік шекара өтеді. Қорғандар тас-топырақ үйінділі. 1-ші қорғанның биіктігі 1,5 м, диаметрі 20 м. 1-ші қорғаннан оңтүстік-батысқа қарай 70 м қашықтықта 2-ші қорған орналасқан (1,2х12 м). Олардың арасында меридиандық бағытта дала жолы өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N51°04'11,77" E58°23'30,51" N51°04'10,38" E58°23'27,61" 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    264 264 Мамыт І бейіті (451, 453-суреттер). Ескерткіш Мамыт ауылынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай (ССШ) 2,3 км қашықтықта, Мамыт өзенінің сол жағалауының суайрығында орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп орналасқан үш топырақ қорғаннан тұрады. 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,8 м, диаметрі 25 м. Қалған қорғандардың биіктігі 0,5 м, диаметрлері сәйкесінше 24 және 27 м. 1-ші қорғанның шыңында бұрын триангуляциялық белгі орнатылған. Жанынан дала жолы өтеді. Қорым жыртылуда. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N50°37'26,1" E058°45'01,0"N50°37'24,1" E058°44'58,2" N50°37'22,6", E058°44'53,4". 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    265 265 Мамыт ІІ бейіті (452, 454-суреттер). Ескерткіш Мамыт ауылынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай (ШСШ) 4,6 км қашықтықта, Мамыт өзенінің сол жағалауының суайрығында орналасқан. Ескерткіш шығыс-солтүстік-шығыстан батыс-оңтүстік-батысқа қарай 1,59 км қашықтыққа тізбектеліп созылған 11 қорғаннан, үш ғибадатханадан және 1 гантель тәрізді құрылыстан тұрады. Қорымның барлық объектілері топырақтан тұрғызылған, жыл сайынғы жырту жұмыстарының салдарынан дерлік тегістеліп кеткен. Қорғандардың диаметрі 10-нан 33 м-ге дейін, биіктігі 0,1–1,5 м. Ғибадатханалар тіктөртбұрышты пішінді, ұзын жағы солтүстік-солтүстік-батыстан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Олардың ені 19–22 м, ұзындығы 22–35 м, биіктігі 0,2–0,3 м. 1-ші қорғанның шыңында бұрын триангуляциялық белгі орнатылған. Жанынан дала жолы өтеді. Ескерткішті 2022 жылдың қыркүйегінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы анықтаған. Ерте темір дәуірі Апаттық N50°37'19,2" E058°47'55,6" 2022 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының есебі
    266 266 Мамыт ІІІ бейіті Ескерткіш Мамыт ауылынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай (ШСШ) 4,6 км қашықтықта, Мамыт өзенінің сол жағалауының суайрығында орналасқан. Ескерткіш шығыс-солтүстік-шығыстан батыс-оңтүстік-батысқа қарай 1,59 км қашықтыққа тізбектеліп созылған 11 қорғаннан, үш ғибадатханадан және 1 гантель тәрізді құрылыстан тұрады. Қорымның барлық объектілері топырақтан тұрғызылған, жыл сайынғы жырту жұмыстарының салдарынан дерлік тегістеліп кеткен. Қорғандардың диаметрі 10-нан 33 м-ге дейін, биіктігі 0,1–1,5 м. Ғибадатханалар тіктөртбұрышты пішінді, ұзын жағы солтүстік-солтүстік-батыстан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Олардың ені 19–22 м, ұзындығы 22–35 м, биіктігі 0,2–0,3 м. 1-ші қорғанның шыңында бұрын триангуляциялық белгі орнатылған. Жанынан дала жолы өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы 2022 жылдың қыркүйегінде ескерткішті анықтады. Ерте темір дәуірі Апаттық .N50°37'23,6" E058°48'33,4 Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы 2022 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жүргізген археологиялық барлау жұмыстары кезінде ескерткішті анықтады
    267 267 Мамыт IV бейіті Мамыт ауылынан Солтүстік-Солтүстік-Батысқа (ССБ) қарай 1,3 км қашықтықта, Мамыт өзенінің сол жағалауындағы қыратта орналасқан. Ескерткіш батыстан шығысқа қарай созылып жатқан жеті объектіден тұрады. Қорымның нысандары қорғандар мен гантель тәрізді құрылыстардан жасалған. Барлық нысандардың үйінділері топырақтан тұрады, диаметрі 8–25 м, биіктігі 0,2–0,5 м. Гантель тәрізді құрылыстардың ұзын жағы батыстан шығысқа қарай бағдарланған. Қорымның барлық объектілері жыл сайынғы жырту жұмыстарының салдарынан дерлік тегістеліп кеткен. Қорымның сол жағынан (солтүстігінен) егістік жолы өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы 2022 жылдың қыркүйегінде ескерткішті анықтады. Ерте темір дәуірі, қола дәуірі. Қанағаттанарлық N50°36'58,98" E58°43'33,13" N50°36'57,80" E58°43'39,32" Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында 2022 жылы жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп
    268 267 Сазды-I бейіті Егінді өзенінің сол жағалауындағы қыратта, Веховка ауылынан Оңтүстік-Оңтүстік-Шығысқа (ООШ) қарай 8,9 км қашықтықта орналасқан. Қорым топырақ үйінділері бар төрт қорғаннан тұрады. 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,7 м, диаметрі 30 м. Үйіндісінен қыш ыдыстың түбінің фрагменті табылды. Қорғандардың биіктігі 0,2 м мен 0,4 м аралығында, диаметрі 12-20 м. Қорым егістік жерде орналасқан және толығымен жыртылған. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы 2022 жылдың қыркүйегінде ескерткішті анықтады. Ерте темір дәуірі Апаттық N50°43'26,73" E58°04'35,41" N50°43'27,97" E58°04'35,25" N50°43'25,49" E58°04'35,33" N50°43'24,11" E58°04'38,40" Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында 2022 жылы жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп
    269 269 Салтақ ІІІ бейіті Жайық өзенінің сол салалары — Көктоғай өзені мен Салтақ жырасы арасындағы суайрықтың шетінде, Ақжайық ауылынан Солтүстік-Солтүстік-Батысқа (ССБ) қарай 22,6 км қашықтықта орналасқан. Солтүстікке қарай 750 м жерде мемлекеттік шекара өтеді. Қорым он қорғаннан тұрады. 1-ші (0,7х13 м) және 10-шы (0,3х6 м) қорғандардың үйінділерінен тас фрагменттері байқалады. Қорымның қалған қорғандарының топырақ үйінділері бар. Олардың өлшемдері: биіктігі 0,3-0,5 м, диаметрі 6-12 м. Ескерткіштен солтүстік-шығысқа қарай 2,1 км қашықтықта Салтақ II қорымы орналасқан. Жанынан қара жол өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы 2022 жылдың қыркүйегінде ескерткішті анықтады. Қола дәуірі, ерте темір дәуірі. Қанағаттанарлық N51°05'31,85" E57°52'45,69" N51°05'32,09" E57°52'46,61" N51°05'32,44" E57°52'47,09" N51°05'32,78" E57°52'47,51" N51°05'32,95" E57°52'47,19" N51°05'33,26" E57°52'47,39" N51°05'32,76" E57°52'48,38" N51°05'33,97" E57°52'47,42" N51°05'34,23" E57°52'48,16" N51°05'33,25" E57°52'44,57" Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында 2022 жылы жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп
    270 270 Салтақ-IV қорғаны Жайық өзенінің сол салалары — Көктоғай өзені мен Салтақ жырасы арасындағы суайрықтың шетінде, Ақжайық ауылынан Солтүстік-Солтүстік-Батысқа (ССБ) қарай 21,6 км қашықтықта орналасқан. Солтүстікке қарай 970 м жерде мемлекеттік шекара өтеді. Қорғанның тас-топырақ үйіндісі бар. Қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,6 м, диаметрі 11 м. Ескерткіштен солтүстік-шығысқа қарай 2,4 км қашықтықта Салтақ II қорымы орналасқан. Жанынан қара жол өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы 2022 жылдың қыркүйегінде ескерткішті анықтады. Қола дәуірі, ерте темір дәуірі. Қанағаттанарлық N51°05'20,55", E57°52'30,82". Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында 2022 жылы жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп
    270 270 Сарытоғай-IV бейіті Жайық өзенінің сол жағалауындағы қыратта, Ақжайық ауылынан Солтүстік-Солтүстік-Батысқа (ССБ) қарай 27,4 км қашықтықта орналасқан. Батысқа қарай 820 м жерде мемлекеттік шекара өтеді. Қорым бес қорғаннан тұрады. 1-ші қорғанның өлшемдері: биіктігі 0,4 м, диаметрі 10 м. 2-4 қорғандардың өлшемдері: биіктігі 0,2-0,4 м, диаметрі 6-10 м. Барлық қорғандардың тас-топырақ үйінділері бар және меридиан бағытында орналасқан. Биіктігі 1,2 м және диаметрі 14 м болатын 5-ші топырақ қорған 1-ші қорғаннан Батыс-Солтүстік-Батысқа (БСБ) қарай 80 м жерде орналасқан. Ескерткіштен Шығыс-Оңтүстік-Шығысқа (ШОШ) қарай 8,4 км қашықтықта Салтақ II қорымы орналасқан. Жанынан қара жол өтеді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы 2022 жылдың қыркүйегінде ескерткішті анықтады. Қола дәуірі, ерте темір дәуірі. Қанағаттанарлық N51°06'52,76" E57°46'52,48" N51°06'53,31" E57°46'52,78" N51°06'54,42" E57°46'52,17" N51°06'52,38" E57°46'52,53"N51°06'53,85" E57°46'48,71" Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында 2022 жылы жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп
    271 271 Тайкеткен-III қорғаны Қарабұтақ ауылынан шығысқа қарай 9 км қашықтықта орналасқан. Бұтақ пен Қуағаш өзендерінің суайрығының шыңында, Қарабұтақ ауылынан Жосалы ауылының батысында орналасқан карьерлер бағытына баратын қара жолдың бойында жеке қорған орналасқан. Қорғанның тас-топырақ үйіндісі бар, диаметрі 13 м, биіктігі 1 м. Қорғанның басында триангуляциялық белгі орнатылған. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы 2022 жылдың қыркүйегінде ескерткішті анықтады. Ерте темір дәуірі Қанағаттанарлық N 50°37'17,7", E 058°05'54,0". Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында 2022 жылы жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары туралы есеп
    Жүктеу
    Список всех археологических памятников Темирского района
    Список всех археологических памятников Темирского района
    XLSX · 109 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Жоспар

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Темір аудандық мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары

    1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиістібұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайл...

    Темір ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Темір аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына,101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаул...

    Темір ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Темір ауданының 2026 жылға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі

    Темір ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Темір ауданы бюджетінің шығыстарының атқарылуы туралы ақпарат

    № 2026 жылға арналған жоспар Есепті кезеңге жоспар Нақты орындалуы Орындалмау сомасы % кезенге Жылдық жоспардан ауытқу жылына % Темір ауданы 8 591 433,9 5 217 252,7 5 132 337,8 84 914,9 98.4% 3 459 096,1 59.7% 1 Аксай...

    Темір ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    Темір ауданының әкімі, орынбасарлары және бөлім басшыларының 2026 жылғы ІV тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі

    № Мемлекеттік органның атауы Жеке қабылдау өткізушінің аты-жөні Жеке қабылдау өткізушінің лауазымы Азаматтарды қабылдаудың күні мен уақыты Мемлекеттік органның орналасқан жері Байланыс телефоны Темір ауданы әкімдігі Тем...

    Темір ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Темір аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс хаттамасы

    Темір ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Темір ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі Темір аудандық Н.Байғанин атындағы мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына директордың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

    Лауазымдық жалақысы: қызмет өткерген жылдарына байланысты 300 000 теңгеден 370 000 теңгеге дейін. Санаты: А1-3. Лауазымдықміндеттері: -Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді; -Шығармашылық, әдістемелік,...

    Темір ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    2026 жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша Темір ауданы бюджетінің шығыстарының атқарылуы туралы ақпарат

    № 2026 жылға арналған жоспар Есепті кезеңге жоспар Нақты орындалуы Орындалмау сомасы % кезенге Жылдық жоспардан ауытқу жылына % Темір ауданы 8 591 433,9 4 751 269,7 4 501 029,1 250 240,6 94.7% 4 090 404,8 52.4% 1 Аксай...

    Темір ауданы әкімдігіЖарияланды: