Темір ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі Темір аудандық Н.Байғанин атындағы мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына директордың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

    ·

    Лауазымдық жалақысы: қызмет өткерген жылдарына байланысты 300 000 теңгеден 370 000 теңгеге дейін.

    Санаты: А1-3.

    1. Лауазымдықміндеттері:

    -Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді;

    -Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    -Байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

    -Көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

    -Білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады;

    -Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамаларын ынталандырады;

    -Мекеме мүліктерінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

    -Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;

    -Ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысын ұйымдастыруды бақылайды;

    -Шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;

    -Бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;

    -Ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.

    1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

    Жұмыс өтілі: мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

    1. Білуі тиіс:

    Қазақстан Республикасының Конституциясы;

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

    Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

    Қазақстан Республикасының заңдарын:

    «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»;

    «Мәдениет туралы»;

    «Мемлекеттік мүлік туралы»;

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»;

    «Мемлекеттік сатып алулар туралы».

    1. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

    3) Жеке куәлік көшірмесі;

    4) Еркін нысанда жазылған өмірбаян;

    5) Білімі туралы құжаттардың көшірмесі (қосымшаларымен);

    6) Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

    7) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада №21579 болып тіркелінген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

    Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

    Құжаттар қабылдау уақыты: 11.09.2026 ж. – 25.09.2026 ж.

    Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі 5 (әкімшілік ғимараты, 2 қабат, 28 кабинет) мекенжайы бойынша қабылданады («Темір аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ).

    Толық ақпаратты 8(71346)22 2 40 телефоны бойынша алуға болады.

    Жүктеу
    Государственное учреждение «Темирский районный отдел культуры, физической культуры и спорта» объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора государственного коммунального казенного предприятия Темирского районного Дом культуры имени Н.Байганина
    Государственное учреждение «Темирский районный отдел культуры, физической культуры и спорта» объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора государственного коммунального казенного предприятия Темирского районного Дом культуры имени Н.Байганина
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    2026 жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша Темір ауданы бюджетінің шығыстарының атқарылуы туралы ақпарат

    № 2026 жылға арналған жоспар Есепті кезеңге жоспар Нақты орындалуы Орындалмау сомасы % кезенге Жылдық жоспардан ауытқу жылына % Темір ауданы 8 591 433,9 4 751 269,7 4 501 029,1 250 240,6 94.7% 4 090 404,8 52.4% 1 Аксай...

    Жарияланды:
    Басқа

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады

    Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» З...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    № Жер учаскесінің орналасқан жері,жер учаскесінің лот № Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы Жалға беру мерзімі, жыл Жалпы ауданы, га Алқаптардың құрамы оның ішінде Топырақтың...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан басталады

    Бүгінгі таңда халықаралық қылмыстық топтар жұмыс іздеу үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және интернет-платформаларды белсенді қолданады. Жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының атын жамылып, адамдарды жа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша Темір ауданы бюджетінің шығыстарының атқарылуы туралы ақпарат

    № 2026 жылға арналған жоспар Есепті кезеңге жоспар Нақты орындалуы Орындалмау сомасы % кезенге Жылдық жоспардан ауытқу жылына % Темір ауданы 7 544 408,9 4 226 294,6 3 986 913,6 239 381 94.3% 3 557 495,3 52.8% 1 Аксай с...

    Жарияланды:
    Тізілім

    Темір ауданы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізімі

    № Облыс, қала, елді мекен аудан Көп пәтерлі тұрғын үйдің мекенжайы "Басқару нысандары: мүлік иелерінің бірлестіктері, тікелей бірлескен басқару.Темір ауданы бойынша (көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы)" Меншік иелерінің...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Темір аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысы

    Темір аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысы.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Темір ауданындағы сайлаушылармен кездесуге арналған орындар (үй-жайлар) туралы ақпарат

    № Елді-мекен атауы Сайлаушылармен кездесулер өткізілетін орын, мекенжайы. 1. Темір ауданы, Ақсай ауылы. Н.Байғанин атындағы орта мектеп,Ақсай ауылы, Байғанин көшесі, 21. 2. Темір ауданы,Алтықарасуауылы. Алтықарасу мектеп...

    Жарияланды: