2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Балқаш аудандық мәслихаты депутаттарының
кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 60/99 қаулысына сәйкес Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Балқаш аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Д. Садыкбаев
Хатшы В. Мешитбаева
Бақанас ауылы,
13 қазан 2026 жыл,
№34