Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттығына ұсынатын кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі

    Балқаш ауданының әкімдігі

    Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынатын кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі

    1) Құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

    2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

    3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

    4) жеке куәлігінің көшірмесі;

    5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға);

    6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде — 85 000 × 5 = 425 000 теңге);

    7) өлшемі 3×4 см фотосурет — 1 дана және өлшемі 9×15 см фотосурет - электрондық форматта.

    Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылытын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

    Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

    Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша өзін-өзі ұсыну және кандидаттарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі

    1) Осы сайлау округі бойынша кандидат ретінде сайлауға түсу ниеті туралы өтініш;

    2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

    3) жеке куәлігінің көшірмесі;

    4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға);

    5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде — 85 000 × 5 = 425 000 теңге);

    6) өлшемі 3×4 см фотосурет — 1 дана және өлшемі 9×15 см фотосурет - электрондық форматта.

    Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылытын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

    Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

    Жүктеу
    cd85171b8413b5201a1ed1e5eb1a4f84734286bd12120ff4d98a2d2acc00a1dc_original.14569.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Балқаш аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Балқаш аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сай...

    Балқаш ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Анықтама

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Балқаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

    Балқаш ауданының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА

    Балқаш ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

    Балқаш ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының № 3 ШЕШІМІ

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының № 3 ШЕШІМІ

    Балқаш ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 47 «Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 47 «Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толы...

    Балқаш ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Алматы облысы Балқаш ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы

    Алматы облысы Балқаш ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы

    Балқаш ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Жоспар

    Балқаш ауданы 28 ауылдық округінің бас жоспары.

    Балқаш ауданы 28 ауылдық округінің бас жоспары.

    Балқаш ауданының әкімдігіЖарияланды: