2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты

    Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

    2026 жылғы 13 қазандағы №7 қаулысына қосымша

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

    Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының

    кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

    күнтізбелік жоспары

    1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

    2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

    (14-б. 6) т., 22-б.)

    2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

    (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

    3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Тиісті әкімдер

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

    2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

    (23-б. 5-т.)

    4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

    (17-б. 2-т.)


    5. Партиялық тізімдер бойынша астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну

    Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

    2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18.00-де аяқталады

    (103-б.)

    6. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тізімді, саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштерімен бірге және тіркеу үшін басқа да қажетті құжаттарды ұсыну

    Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі)

    2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады

    (103-б. 3, 4, 5-т.)

    7. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

    Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

    2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады

    (103-б.)

    8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

    Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

    Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

    (102-б., 103-б. 6-т.)

    9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

    Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

    Тіркелгенге дейін

    (104-б. 2-т.)

    10. Партиялық тізімдерді және мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

    Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

    2026 жылғы 14 қазанда басталады және 1қарашада сағат 18:00-де аяқталады

    (104-б.)

    11. Партиялық тізімдерді және мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

    Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

    Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

    (104-б. 5-т.)

    12. Партиялық тізімдерді және мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

    Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

    (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.)

    13. Кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

    Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

    Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

    (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт., 31-б.)

    14. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын тексеру

    Мемлекеттік кіріс органдары

    Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

    (104-б. 2-т.)

    15. Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

    Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

    Кандидат, партиялық тізім тіркелгеннен кейін

    (34-б. 6-т.)

    16. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың, саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау

    Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

    Айына екі рет

    17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

    Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

    сайлау комиссиялары

    Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін

    (28-б. 6-т.)

    18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

    Кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

    2026 жылғы 1қарашада сағат18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада нөл сағатта аяқталады

    (27-б. 2-т.)

    19. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

    (28-б. 4-т.)

    20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

    Тиісті әкімдер

    Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

    2026 жылғы 8 қараша

    (26-1 б. 1-т.)

    21. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өздері туралы деректермен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

    2026 жылғы13 қарашадан бастап

    (26-б. 1-т.)

    22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 18 қарашаға дейін

    (18-б. 5) т., 38-б., 2-т.)

    23. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 18 қарашағадейін

    (38-б. 1-т., 3-т.)

    24. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 26 қарашадан ерте емес және28 қарашаға дейін

    (37-б. 3-т.)

    25. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе,

    дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

    сағат 06:00-де

    (40-б. 1-т.)

    26. Дауыс беруді өткізу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

    (38-б. 1-т.)

    27. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Егер дауыс беру уақыты өзгермесе, сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс

    (18-б. 8) т., 43-б.)

    28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

    ( 43-б. 8-т.)

    29. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (108-б. 1-т.)

    30. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

    Округтік сайлау комиссиялары

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (108-б. 1-т.)

    31. Мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Сайлау өткен күннен кейін екі күндік мерзімнен кешіктірмей

    2026 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей

    (14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б., 3-т)

    32. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей

    2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей

    (111-б. 1-т.)

    33. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

    2026 жылғы5 желтоқсаннан кешіктірмей

    (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

    34. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі тапсыру

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

    35. Тиісті сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

    Кандидаттар, саяси партиялар

    Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен

    кешіктірмей

    (34-б. 9-т.)

    36. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

    Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

    (34-б. 4-т.)

    Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    Жүктеу
    4486d4014817f68836c83baae2d97d3a0310837f4d4093d36fb4c9dd44da8399_original.95232.doc
    DOC · 93 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ЖРВИ мен Тұмаудың алдын алу

    ЖРВИ мен Тұмаудың алдын алу Жыл сайын қоршаған ортада тұмау вирустарының әртүрлі ішкі типтері (A/H1N1, A/H3N2, B және т.б.), сондай-ақ ЖРВИ және тұмауға ұқсас ауруларды тудыратын тұмауға жатпайтын вирустардың кең спек...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

    Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы Д.Қонаев көшесі №86 мекен жайында орналасқан Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Директор Нишанбаева Нагима Налибаевна Байланыс телефон...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    ШАРДАРА АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.

    ШАРДАРА АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігіжер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін ж...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Сарапхана ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы хабарлама

    Сарапханаауылдықокругінің сайланған әкімін тіркеу туралы хабарлама «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес,2026 жылғы8қарашада өткен Қа...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

    Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 8 қарашада Қазығұрт ауданындағы Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Р...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігі Акимат Казыгуртского района Туркестанской области ҚАУЛЫ 4 қараша 2026 жыл Қазығұрт ауылы ПОСТАНОВЛЕНИЕ №288 село Казыгурт Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иелік...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар туралы АҚПАРАТ

    Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 01 қарашадағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны,...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: