ЖРВИ мен Тұмаудың алдын алу
Жыл сайын қоршаған ортада тұмау вирустарының әртүрлі ішкі типтері (A/H1N1, A/H3N2, B және т.б.), сондай-ақ ЖРВИ және тұмауға ұқсас ауруларды тудыратын тұмауға жатпайтын вирустардың кең спектрі айналымда болады.
Кейбір вирус штамдары жылы әрі ылғалды климаттық жағдайларға жақсы бейімделеді, белгілі бір метеожағдайларда тезірек таралады немесе халықаралық көші-қон және туризмге байланысты әдеттегіден ертерек көбейеді.
ЖРВИ мен тұмау вирустарының жылдам таралуының факторларының бірі — адамдар көп жиналатын орындар, әсіресе күзде – бұл тойлар, қырқындар, сауда орталықтары, кинотеатрлар және ұйымдасқан ұжымдар.
Түсіну керек: кейде вирус суықтың әсерінен емес, адамдардың тығыз орналасуы мен жабық бөлмелерде болуына байланысты таралады, мұнда ауа-тамшылы жолмен жұғу жүреді.
Медициналық қызметкерлер халықтың вакцинацияға деген сенімін арттыруға бағытталған тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат — екпелердің қауіпсіздігі мен пайдасы туралы,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректері мен тәжірибесіне негізделген шынайы ақпаратты адамдарға жеткізу.
Осы жұмыс аясында:
• теледидар, радио, интернет және әлеуметтік желілер арқылы дәрігерлер, эпидемиологтар және иммунологтардың қатысуымен ақпараттық кампаниялар жүргізіледі;
• мектептерде, емханаларда, еңбек ұжымдарында кездесулер мен дәрістер ұйымдастырылады, онда мамандар вакцинаның қалай жұмыс істейтінін және оның неге қажетті екенін түсіндіреді;
• медициналық қызметкерлер халықпен коммуникация бойынша қосымша оқытудан өтіп, жиі қойылатын сұрақтарға жауап бере алуы және екпеге қатысты мифтерді сейілте алуы үшін дайындалады;
Негізгі ұстаным мынадай: вакцинация – міндетті емес, адамның өзінің, отбасының және бүкіл қоғамның денсаулығын қорғау шарасы.
Негізгі ұсынымдар:
• қауіп топтарына жататын адамдар міндетті түрде вакцинациядан өтуі керек;
• қол гигиенасын сақтау, бөлмелерді үнемі желдету, эпидемиялық өршу кезеңінде адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу;
• ауру белгілері пайда болғанда (қызба, жөтел, тұмау) тұрғылықты жері бойынша дәрігерге уақытылы жүгіну, дәрігерді үйге шақыру және өздігінен емделмеу;
• ұйымдасқан ұжымдарда (мектептер, ауруханалар, мекемелер) профилактикалық шараларды күшейту және персонал мен оқушылардың денсаулығын бақылауды арттыру.
Тұмауға қарсы вакцинация аурудың ауыр өтуінен және оның асқынуларынан қорғаудың ең тиімді әдісі болып қала береді. Уақтылы иммундау және профилактикалық шараларды сақтау — күзгі-қысқы кезеңде ЖРВИ мен тұмаудың таралуын тежеудің негізгі шарттары.
Қазығұрт аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы К.Усипбекова