Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 8 қарашада Қазығұрт ауданындағы Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 5137 азамат енгізілді, олардың 3026-ы дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жузжасаров А.Т. – 2433; Махан Н.Е. – 368; Усенов Б.У. – 192; «Барлығына қарсы» – 18.
1982 жылы туылған, Уақытша жұмыссыз, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылының тұрғыны, «ӘДІЛЕТ» партиясынан ұсынылған Жузжасаров Абзал Турдалиевич Сарапхана ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы