«Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы
29 желтоқсандағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Мойынқұм аудандық сайлаукомиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 11 (он бір) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы Мойынқұм аудандық мәслихатына жіберілсін.
3. Осы қаулы Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінде жариялансын.
4. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
ТөрағаС. Садуакасов
ХатшыЕ. Жұмаділдә
Мойынқұм ауылы,
13 қазан 2026 жыл
№11