Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрімен қоса алғанда 97 қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде:
- қағаз түрінде– 3 қызмет түрі (3,1%);
- электронды түрде– 42қызмет (43,8%);
- мемлекеттік корпорация арқылы–52қызмет (53,1%).
2026 жылдың 8 айында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 1719 мемлекеттік қызмет көрсетілді . Оның ішінде:
-электронды түрде-1551 қызмет(68,9%)
-қағаз түрінде-135 қызмет(6,00%)
-қағаз түрінде(баламалы) -566 қызмет(24,1%)
2026 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Ішкі бақылау жұмыстары бойынша
2026 жылдың 9 айында ЖАО тарапынан ішкі бақылау жұмыс жоспарына сәйкес, есептік мерзімде 3 ішкі бақылау жұмыстары (Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі(5) ,Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппараты КММ(1),Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі(3) ) жүргізілді. Бақылау барысында 9 заң бұзушылықтар (9субъективті) орын алды. Аталған бөлімдерге және ауылдық округке анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданып тиісінше тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес:
2026 жылдың 9 айында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 42 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 4 отырыс ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында БАҚ-та тұрақты түрде хабарландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары
Мойынқұм аудан әкімі аппараты, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді аудандық ХҚКО бармай-ақ өз бетінше алу үшін 16 ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, ауылдық округ әкімі аппаратынын бір маманына жүктеліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауыл тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде. Жыл басынан жалпы ауылдық округтерде 716 қызмет көрсетілген.
Біліктілігін арттыру бойынша
2026 жылдың 9 айында 4 қызметкер «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында» « Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары » тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын нәтижелі аяқтады.
«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» қағидалары ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысының 2-тарау 15тармақ 1)тармақшасына сәйкес алдағы уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласына жауапты 10 маманның біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жоспарланып отыр.