Мекеменің атауы:Мойынқұмауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: 080600. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 13 үй. Телефон + 7 (72642) 2-48-70.
Мекеме қызметінің негізгі бағыты:Халыққаақпаратқа, білімге және мәдени ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Кітапхана қорын толықтыру, сақтау және пайдаланушыларға ұсыну; халыққа кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету; кітап оқуға қызығушылықты арттыру және ақпараттық сауаттылықты дамыту; мәдени-ағартушылық іс-шаралар, кітап көрмелері, кездесулер мен әдеби кештер ұйымдастыру; балалармен, жастармен және халықтың басқа да әлеуметтік топтарымен жұмыс жүргізу; электрондық ресурстар мен цифрлық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Білуі тиіс:Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; кітапхана ісінің теориясы мен практикасын, отандық және шетел кітапханаларының жұмыс тәжірибесін; ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында, Мойынқұм ауданы әкімдігінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum) ресми сайтындажарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайға: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 13 үй, Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне өткізуі тиіс. Анықтама телефоны: + 7 (72642) 2-48-70
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі.
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралыанықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғыжұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурс өтетін күні:16.10.2026 ж.
Конкурстың өтетін орны: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 13 үйдің 1 қабатында өткізіледі.
Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметіменбелгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.