Мемлекеттік қызметтер: басымдылықтары мен ерекшеліктері.

    Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылдық әкімінің аппараты

    Мемлекеттікқызметтер:басымдылықтары менерекшеліктері.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы - азаматтар мен мемлекет арасындағы жоғарғы деңгейдегі өзара қатынасты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметтер қоғамдағы қызметтің кең спектрін қамтиды және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетуге және мемлекеттік функциялардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Сонымен қоса, соңғы жылдары елімізде электрондық мемлекеттік қызметтер белсенді дамуда. Бұл азаматтарға қажетті қызметтерді тез әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. Жүйенің орталық элементі - «Э лектрондық үкімет» порталы болып табылады. Ол онлайн қызметтердің кең спектрін ұсынады. Аталған портал азаматтарға келесідей мүмкіндіктер береді:

    - Қызметтерді алуға онлайн өтініш беру.

    - Мемлекеттік баждар мен салықтарды төлеу.

    - Өтініштердің жай-күйін онлайн қадағалауға.

    - Түрлі мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат алу.

    Сонымен қатар, портал күту уақытын едәуір қысқартып, мемлекеттік мекемелерге тікелей бару қажеттілігін жояды.

    Елімізде мемелекеттік қызметтерді дамытуда жүргізіліп отырған тиімді саясаттың негізінде қазіргі уақытта келесідей артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беріліп отыр.

    Бірінші артықшылығы - ашықтық және қолжетімділік. Электрондық мемлекеттік қызметтер қызметтерді алу процесін тіркелген жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін ашық және қолжетімді етеді.

    Екіншіден, жылдамдық пен тиімділік: көптеген процестерді автоматтандырудың арқасында мемлекеттік қызметтер тезірек ұсынылады, бұл мемлекеттік жүйенің жалпы тиімділігін арттырады.

    Үшіншіден, ыңғайлылық: көптеген қызметтерді онлайн режимінде алу мүмкіндігі мемлекеттік мекемелерге жеке бару қажеттілігін азайтады, бұл әсіресе шалғай аймақтарда тұратын азаматтар үшін маңызды.

    Төртіншіден, қауіпсіздік: электрондық жүйелер азаматтардың дербес деректері мен ақпаратын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

    Қорыта келе, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтер халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуде шешуші рөл атқарады. Электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту - мемлекеттік функциялардың ашықтығын, тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл мемлекеттік жүйені жаңғырту және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы - Кеңесұлы Ілияс

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2025 жыл есебі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2025 жыл есебі

    Ақпарат

    Ахмет ауылының бас жоспары

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер.

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер.

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер.

    Результаты общественного мониторинга качества оказания государственных услуг

    Ақпарат

    2020 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жылдық есеп

    Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы «Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халыққа мемлекеттік қызметте...

    Ақпарат

    2025 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жылдық есеп

    "Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппараты" ММ 2025 жылғы есепті кезеңде 38 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлық мемлекеттік қызметтер "Е-лицензиялау"арқылы электрондық түрде көрсетілді. Ішкі бақылау шаралары жоспарға с...

    Ақпарат

    2025 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жылдық есеп

    ГУ «Аппарат акима села Ахмет Нуринского района» за отчетный период 2025 года было оказано 38 государственных услуг, все государственные услуги оказаны в электронном виде через «Е-лицензирование». Меры внутреннего контрол...

    Ақпарат

    ауылы әкімінің 2025 жыл бойынша есебі

    Ахмет ауылы әкімінің 2025 жыл бойынша Ахмет ауылында атқарылған жұмыстарының есебі және дамуы жөніндегі жұмыс бойынша есебі Құрметті ауыл тұрғындары! Бүгін сіздердің алдарыңызда 2025 жылдыңәлеуметтік-экономикалық даму...