ауылы әкімінің 2025 жыл бойынша есебі

    Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылдық әкімінің аппараты

    Ахмет ауылы әкімінің 2025 жыл бойынша Ахмет ауылында атқарылған жұмыстарының есебі және дамуы

    жөніндегі жұмыс бойынша есебі

    Құрметті ауыл тұрғындары!

    Бүгін сіздердің алдарыңызда 2025 жылдыңәлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралыАхмет ауылының бірлесе қол жеткізген нәтижелі табыстарымыз және алда тұрған міндеттер мен ауқымды мәселелер жөнінде баяндамамды бастауға рұқсат етіңіздер.

    Ахмет ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 71 124 га.

    2025 жылы Ахмет ауылдық округінің халық саны - 1223 адам, оның ішінде 15 ұлт өкілдері бар.

    Аула саны - 425.

    Ауыл бойынша зейнеткерлер – 178 адам, оның ішінде 70 асқан – 102 қария бар, 3 тыл ардагерлері бар.

    Барлық топтағы мүгедектер – 53 адам, оның ішінде 16 жасқа дейін – 4 бала.

    «Алтын алқа» иегерлері – 7 адам, «Күміс алқа» иегерлері - 27 адам.

    Жұмысқа қабілеттілер саны: 600 адам.

    Кәсіпкерлікті дамыту бойынша

    Ауыл аумағында жалпы тіркелеген жеке кәсіпкерлікпен айналысатын адам саны – 11 адам. Атап айтқанда:

    • Дүкендер саны – 7 (5 азық-түлік дүкені және 2 киім-кешек дүкені бар),
    • Монша – 1.
    • Шиномонтаж – 1.
    • Мал өсірумен айналысатын – 2 адам бар (ірі қара мал өсіру).

    Ауылшаруашылық саласы

    Ауыл аумағында: 4 ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), 25 шаруа және фермер қожалықтары тіркелген.

    2025 жылы егістік көлемі 17667 га, оның 15645 га – бидай, 547 га – арпа, 270 га сұлы, 170га картоп, 90га жүгері, 250га майлы дақылрар егілді. Егіс жоспары 100 пайызға орындалды.

    Ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығындағы мал саны: ірі қара мал – 713 бас, ұсақ мүйізді мал – 2501 бас, жылқы - 2294, құстар – 1859.

    Жеке шаруа қожалықтарындағы мал саны: ірі қара мал – 584 бас, ұсақ мүйізді мал – 1531 бас, жылқы – 1151 бас, құстар – 10000 (бөдене).

    Сондай-ақ, «Титимов А» фермер қожалығының 19 млн теңгеге арнайы ауылшаруашылық техникасын (фронтальный погрузчик SDLG L933F) сатып алды.

    Мәдениет және спорт саласы

    Ауылда 150 орындық Мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінде барлығы 6 адам жұмыс істейді.

    Ауыл мәдениет үйінде би үйірмелері, «Жұлдыз» домбыра ансамблі, флейта класы, домбыра класы жұмыс жасайды. Хореография, вокал және хор үйірмелері бар.Жоспарға сай мемлекеттік, ұлттық мерекелер өтіп тұрады.

    2025 жылдың сәуір – мамыр айларының аралығында Алматы қаласында өткен Панкратион бойынша Қазақстан чемпионы болып 2 адам атанды. Nomad MMA бойынша Қарағанды облысының чемпионатында, Нұра ауданы болып 3 орынды жүлделеді, Астана қаласында өткен Ronin open MMA ашық турнирінің чемпиондары болып 5 адам жүлделі орындармен оралды. 2025 жылдың шілде айының 11-і Нұра кентінде өткен аудандық Сарыарқа спортокиядасында амреслинг бойынша 3 орын, Шахмат бойынша 1 орын, Гиря тарту бойынша 3 орын атанды.

    Сонымен қатар, ауыл ішінде де түрлі ұлттық ойындарды ұйымдастырып, жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруда.

    2025 жылға арналған инвестиция

    1. «Бірлік Нұра» ЖШС кірпіш зауытының құрылыс жұмыстары басталды, инвестиция 1,5 млрд. теңгені құрайды, 80 жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда құрылысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
    2. «НАМЫС ГРУПП» ЖШС 48 МВт жел электро станциясы, инвестиция 52 млн. долларды құрайды.
    3. «Пром Кирпич KZ» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы, инвестиция 3,2 млрд. теңгені құрайды, 60 жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда құжаттарді рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.

    Санитарлық тазалау

    Ауылдың санитарлық жағына келетін болсақ, сенбіліктер уақытыры өткізілуде. 2025 жылы - 150 пирамида терек көшеттері отырғызылып, шыршалар және сәндік бұталар отырғызу жоспарда бар. Маусым айының басынан ауыл саябағындағы ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары басталды.

    1. Ауыл саябағының аумағында 1000 көшет отырғызу.
    2. Шағын орталықтың аумағында ойын алаңын орнату.

    Жоспарда бар.

    Жалпы, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы тұрақты деңгейде.

    БАЯНДАМА АЯҚТАЛДЫ, НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА РАХМЕТ!

    Жүктеу
    e90c7ae503dcec28daec5adc9e88b1e8_original.23011.docx
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2025 жыл есебі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2025 жыл есебі

    Ақпарат

    Ахмет ауылының бас жоспары

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер.

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер.

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер.

    Результаты общественного мониторинга качества оказания государственных услуг

    Ақпарат

    2020 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жылдық есеп

    Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы «Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халыққа мемлекеттік қызметте...

    Ақпарат

    2025 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жылдық есеп

    "Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппараты" ММ 2025 жылғы есепті кезеңде 38 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлық мемлекеттік қызметтер "Е-лицензиялау"арқылы электрондық түрде көрсетілді. Ішкі бақылау шаралары жоспарға с...

    Ақпарат

    2025 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жылдық есеп

    ГУ «Аппарат акима села Ахмет Нуринского района» за отчетный период 2025 года было оказано 38 государственных услуг, все государственные услуги оказаны в электронном виде через «Е-лицензирование». Меры внутреннего контрол...

    Ақпарат

    ауылы әкімінің 2025 жыл бойынша есебі