Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылдық әкімінің аппараты
Құжаттар
2020 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жылдық есеп
Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы «Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді тұрақты негізде көрсетеді. 2020 жылы барлығы 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 25-і жеке тұлғаларға және 4-і заңды тұлғаларға көрсетілген. Атап айтқанда: «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі бойынша — 25 қызмет көрсетілді, оның ішінде 21-і жеке тұлғаларға және 4-і заңды тұлғаларға; «Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою» бойынша — 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде де, «Электрондық үкімет» порталы арқылы да көрсетіледі. Ауыл әкімінің аппараты тарапынан халыққа мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.
2025 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жылдық есеп
"Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппараты" ММ 2025 жылғы есепті кезеңде 38 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлық мемлекеттік қызметтер "Е-лицензиялау"арқылы электрондық түрде көрсетілді. Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізіледі. Электрондық үкіметтің веб-порталын насихаттау мақсатында елді мекенде баннер ілінді, ауыл тұрғындарына веб-портал арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы брошюралар мен жадынамалар тапсырылады. Әкімдік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді "eGov.kz". Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мемлекеттік мекемеге көрсетілген кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.