Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Зайсан ауданының әкімдігі

    ЖОБА

    Шығыс Қазақстан облысы Зайсан

    аудандық мәслихатының 2015 жылғы

    20 қаңтардағы №30-1 «Шығыс Қазақстан

    облысы Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін

    көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау

    туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3676 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 6-тарма ғы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен бастап мемлекеттік корпорацияға немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына жүгінеді. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

    1. «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зайсан аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының әлеуметтік даму, тұрғындар мүддесін қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Зайсан аудандық

    мәслихатының төрағасы Е.Загипаров

    Жүктеу
    e684f5a99117f2d647670077d3e21562381ab89aa6901fb329b1c35ce00e36f4_original.16529.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖОБА Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығынд...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін Зайсан ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша 2026 жылға сұранысқа ие мамандықтар тізбесі

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Зайсан ауданының ортақ су пайдалану су объектілерінде шомылуға, шағын көлемді кемелермен жүзуге, ауыз су қажеттіліктері үшін су алуға және мал суаруға тыйым салынған орындары белгілеу туралы

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 23.11.2026 жылы конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Зайсан аудандық жер...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    2026 жылғы 4 тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдаудың өңірлік орталығында азаматтарды қабылдау кестесі (Зайсан қаласы, Д. Қонаев көшесі, 54)

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды: