ЖОБА
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық
мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектігі бар
балалар қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға
жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі
мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3676 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 8-тарма ғы мынадай редакцияда жазылсын:
«8.Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасында көзделген.».
- «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зайсан аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының әлеуметтік даму, тұрғындар мүддесін қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зайсан аудандық
мәслихатының төрағасы Е.Загипаров