Облыс бюджетінің жылдық көлемі (2026 жылғы 1қазанғажағдай бойынша) 721,6 млрд. теңгені құрады, соның ішінде:
меншікті кірістер (салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан, арнаулы түсетін түсімдер) – 282,2 млрд. теңге,
РБ берілетін трансферттер – 23 млрд. теңге,
субвенциялар – 350,6 млрд. теңге,
бюджеттік кредиттерді өтеу – 7,1 млрд. теңге,
қарыздар түсімі – 58,6 млрд. теңге.
ТҮСІМДЕР
Түсімдер бойынша есепті кезеңге 572,6 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, атқарылуы 586,1 млрд. теңге немесе жоспарға 102,4% құрады.
Меншікті кірістер бойынша есепті кезеңге 187,3 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, атқарылуы 200,7 млрд. теңге немесе 107,2% құрады.
Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 81,4% -ға атқарылды (36,6 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 29,7 млрд. теңгені құрады).
Жеке табыс салығы бойынша жоспар 98,7%-ға атқарылды (75,6 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 74,6 млрд. теңгені құрады).
Әлеуметтік салық бойынша жоспар 133,6%-ға атқарылды (30,8 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 41,2 млрд. теңгені құрады).
ШЫҒЫСТАР
2026 жылғы 1 қазанға шығыстар бойынша есепті кезеңге облыс бюджеті 519,2 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, 99,8%-ға игерілді (касса 518,3млрд. теңге).
Жалпы облыс бюджетінің жылдық көлемінің негізгі бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды – 344,6 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 46,5% (білім – 235,1 млрд. теңге немесе 31,7%, денсаулық сақтау – 22,3 млрд. теңге немесе 3,0%, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету – 35,1 млрд. теңге немесе 4,7%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 52,1 млрд. теңге немесе 7,1%).
Бұдан басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жылу энергетикалық компанияларға – 105,8 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 14,3%;
- көлік пен коммуникацияларға – 58,7млрд. теңге немесе 7,9%;
- ауыл шаруашылығына – 122,3 млрд. теңге немесе 16,5%;
-мемлекеттік қызметтерге, қорғаныс және қоғамдық тәртіпке – 59,6 млрд. теңге немесе 8%;
- өнеркәсіп пен құрылыс қызметіне – 6,2 млрд. теңге немесе 0,8%;
- қарызға қызмет көрсету, трансферттер, қарыздарды өтеу және өзге шығыстарға– 44,0 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 6,0%.