2026 жылғы 1 қыркуйекке Қостанай облысы бюджетінің атқарылуы туралы
АНЫҚТАМА
Облыс бюджетінің жылдық көлемі (2026 жылғы 1қыркуйеккежағдай бойынша) 725,6 млрд. теңгені құрады, соның ішінде:
меншікті кірістер (салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан, арнаулы түсетін түсімдер) – 292,9 млрд. теңге,
РБ берілетін трансферттер – 23 млрд. теңге,
субвенциялар – 350,6 млрд. теңге,
бюджеттік кредиттерді өтеу – 7,1 млрд. теңге,
қарыздар түсімі – 52,0 млрд. теңге.
ТҮСІМДЕР
Түсімдер бойынша есепті кезеңге 522,3 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, атқарылуы 540,9 млрд. теңге немесе жоспарға 103,6% құрады.
Меншікті кірістер бойынша есепті кезеңге 165,8 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, атқарылуы 184,2 млрд. теңге немесе 111,1% құрады.
Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 90,4% -ға атқарылды (30,8 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 27,9 млрд. теңгені құрады).
Жеке табыс салығы бойынша жоспар 99,6%-ға атқарылды (67,4 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 67,2 млрд. теңгені құрады).
Әлеуметтік салық бойынша жоспар 137,5%-ға атқарылды (27,1 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 37,3 млрд. теңгені құрады).
ШЫҒЫСТАР
2026 жылғы 1 қыркуйекке шығыстар бойынша есепті кезеңге облыс бюджеті 471,5 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, 99,6%-ға игерілді (касса 469,5млрд. теңге).
Жалпы облыс бюджетінің жылдық көлемінің негізгі бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды – 349,6 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 47,1% (білім – 235,8 млрд. теңге немесе 31,8%, денсаулық сақтау – 23,1 млрд. теңге немесе 3,1%, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету – 34,5 млрд. теңге немесе 4,6%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 56,2 млрд. теңге немесе 7,6%).
Бұдан басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жылу энергетикалық компанияларға – 98,1 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 13,2%;
- көлік пен коммуникацияларға – 62,6млрд. теңге немесе 8,4%;
- ауыл шаруашылығына – 122,3 млрд. теңге немесе 16,5%;
-мемлекеттік қызметтерге, қорғаныс және қоғамдық тәртіпке – 59,4 млрд. теңге немесе 8%;
- өнеркәсіп пен құрылыс қызметіне – 6,2 млрд. теңге немесе 0,8%;
- қарызға қызмет көрсету, трансферттер, қарыздарды өтеу және өзге шығыстарға– 43,7 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 6,0%.