Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салу салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем кезінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі Қарақия ауданы бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
2.Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық
мәслихатының төрағасы Ж.Қалаубай