Сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

    ·

    2026 жылғы 21 маусымда өткізілген

    Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округі

    әкімдерін сайлаудың қорытындысын анықтау

    және жариялау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2026 жылғы 21 маусымда өткізілген Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округі әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

    1. Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті деп танылсын.
    2. Өмірәлі Аманкелді Шералыұлы Шиелі кентінің сайланған әкімі болып есептелсін.
    3. Абилдашев Ерлан Шазатович Жиделіарық ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
    4. 2026 жылғы 21 маусымда өткізілген Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округі әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

    Шиелі ауданының аумақтық

    сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов

    Шиелі ауданының аумақтық

    сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов

    АСК-26/110

    21.06.2026 ж.

    Шиелі ауданының аумақтық сайлау

    комиссиясының 2026 жылғы 21 маусымдағы

    №АСК-26/111 қаулысына қосымша

    2026 жылғы 21 мамырда өткізілген Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы

    ХАБАР

    2026 жылғы 21 маусымда Шиелі ауданының Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

    Шиелі кенті әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Шиелі кентінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

    Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 22 669 адам енгізілген.

    Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 16 884 адам.

    Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 64 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 6.

    Шиелі кенті әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

    Дауыс беру қорытындысымен:

    Кандидат Жағыпбар Қайрат Жағыпбарұлы үшін – 1131 дауыс, кандидат Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы үшін – 1520 дауыс, кандидат Өмірәлі Аманкелді Шералыұлы – 14 223 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен дауыс бергендер – 4.

    Дауыс беру қорытындысымен Өмірәлі Аманкелді Шералыұлы Шиелі ауданы, Шиелі кенті әкімі болып сайланды.

    Өмірәлі Аманкелді Шералыұлы – 1979 жылы туған, қазақ, Шиелі кентінің сайланған әкімі, Шиелі кентінде тұрады. Өзін өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Жиделіарық ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Жиделіарық ауылдық округі нде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

    Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 560 адам енгізілген.

    Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 472 адам.

    Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 7 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.

    Жиделіарық ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

    Дауыс беру қорытындысымен:

    Кандидат Абилдашев Ерлан Шазатович үшін – 379 дауыс, кандидат Мейірбекұлы Ернар үшін – 51 дауыс, кандидат Файзуллаев Омархан Нышанбекович үшін – 42 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен дауыс бергендер жоқ.

    Дауыс беру қорытындысымен Абилдашев Ерлан Шазатович Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

    Абилдашев Ерлан Шазатович – 1979 жылы туған, қазақ, Жиделіарық ауылдық округінің сайланған әкімі, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылында тұрады. Өзін өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

    Жүктеу
    Решение
    Решение
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    Шиелі ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары

    Шиелі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 шілде № 49/2 шешіміне қосымша Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 40/2 шешімімен бекітілген Шиеліауданының 2026–2030 жылдарға арналғандаму жоспары...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ долларытұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға бер...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында Шиелі ауданы бойынша үгіт жүргізуге арналған орындар

    № Елдімекен атауы Орналасқан орны Өлшемі 1 Шиелі кенті Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі №2 А (Ж.Таспамбетова көшесі) 3х6 2 Шиелі кенті Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесінің бойында(Аркадан кіргенде Ру-6 беті) №1 Б 3х6 3...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

    Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га. Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85400 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35300адам, ауы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі

    Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі р/н Атауы 2025 жыл 1 шілдеге 2026 жыл 1 шілдеге % I Өнеркәсіп өнімін өндіру, млн. теңге (нақты көлем индексімен) 36631,0 44006,0...

    Жарияланды:
    Қаулы

    Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    Жоба Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан...

    Жарияланды: