Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ.
Электрондық пошта мекенжайы:[email protected]
Байланыс телефоны: 8/7212/50-38-73 (ішкі 6324).
Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері үшін бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «KEZEKTE.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:
Нұра ауданының кәсіпкерлері үшін: «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100900, Нұра кенті, Абай көшесі 48, 2 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: [email protected]; байланыс телефоны: 8 (72144) 22126, 22497;
«Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі:2026 жылғы 19 - 23қазанға дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-industry/about?lang=kk
