Нұра ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 30 қыркүйектегі
№5 қаулысына қосымша
2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Қарағанды облысы Нұра ауданының Жараспай ауылы және Көбетей ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
1. Жараспай ауылы және Көбетей ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау (бұдан әрі – әкімдер) | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 30 қыркүйек 2026 жыл (113-1-б. 1, 3-т.) | |
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей (22-б. 2-т) | |
3. Нұра аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей (13-б. 4-т.) | |
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 15 қазаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.) | |
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Нұра ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2026 жылғы 15 қазаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.) | |
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну | |
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 01 қазаннан басталып 2026 жылғы 13 қазанда жергілікті сағат 18.00 де аяқталады (113-3-б. 5-т.) | |
7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (113-2.) | |
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1т., 31-б.) | |
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 3-т.) | |
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.) | |
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті 2026 қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі | |
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін). Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) | |
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылғы 1 қазанға) | |
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) | |
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру | |
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) | |
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады 2026 жылғы 18 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18.00 де аяқталады (113-5-б) | |
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) | |
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру | |
Нұра ауданының әкімдігі және Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) | |
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу | |
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 18 қазанда жергілікті сағат 18.00 ден кейін басталып 2026 жылғы 7 қарашада жергілікті сағат нольге дейін (27-б. 2-т.) | |
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Нұра ауданының әкімдігі және Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) | |
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну | |
Нұра ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 19 қазанда (24-б. 5-т.) | |
20. №523, 524, 537 сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну | |
№ 523, 524, 537 учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 24 қазаннан бастап (26-б. 1-т.) | |
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету | |
№ 523, 524, 537 учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 29 қазанға дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) | |
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 5 қарашадан бұрын емес және 7 қарашадан кешіктірмей (37-б. 3-т.) | |
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау | |
№ 523, 524, 537 учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 8 қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) | |
24. Дауыс беруді өткізу | |
№ 523, 524, 537 учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) | |
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау | |
№ 523, 524, 537 учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) | |
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу | |
№ 523, 524, 537 учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) | |
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну | |
№ 523, 524, 537 учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) | |
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей (113-10-б, 1т.) | |
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы14 қарашаданкешіктірмей (44-б.) | |
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру | |
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2026 жылғы14 қарашаданкешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) | |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.