Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровтөрағалық етеді.
А.М. Байназаров
Қайрлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтуде.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, қатысып отыр.
Күн тәртібінде 2 мәселе:
1.«Федоров ауданының автомобиль жолдарының жағдайы және жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы».
2.«Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 47 « Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы » қаулысын орындау туралы».
Бірінші мәселе бойынша сөз аудан әкімінің орынбасары Джанибек Серикович Капсултановқп беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі)
/Д.С. Капсултановтың сөзі/
А.М. Байназаров
Джанибек Сериковичке сұрақтарыңыз бар ма?
А.М. Байназаров
Мердігерлер орындаған жұмыстарға кепілдік қарастырылған ба және оның мерзімі қандай?
Д.С. Капсултанов
Түсіндіре кетейін, қазіргі уақытта автомобиль жолдарына ағымдағы және шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалған жұмыстарға кепілдік мерзімі 1 жылды құрайды және қолданыстағы талаптарға сәйкес белгіленген. Сондай-ақ орташа жөндеу жұмыстары үшін пайдалану мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін белгіленген.
Қазіргі уақытта жолдардың жекелеген учаскелері бойынша 2027–2029 жылдарға дейін кепілдік міндеттемелері қолданылады. Кепілдік міндеттемелері аясында шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде өткен жылы жөнделген учаскелерде де жұмыстар орындалуда.
Сонымен қатар, кепілдік жағдайлары бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мердігер ұйым және техникалық қадағалау өкілдерінен құралған комиссияның шығуымен тиісті хабарламалар жолданды. Анықталған барлық ақаулар маусым аяқталғанға дейін жойылуы тиіс. Жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленді.
А.М. Байназаров
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қазіргі таңда ең проблемалы болып тұрған учаскелері қайсы?
Д.С. Капсултанов
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ішіндегі негізгі проблемалы бағыт – Ленино бағыты. Қазіргі уақытта аталған жол бойынша сараптама және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жол апатты жағдайда деп танылды, қазіргі таңда оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
А.М. Байназаров
Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар т алқыланған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Федоров ауданы әкімінің орынбасары Джанибек Серикович Капсултановтың «Федоров ауданының автомобиль жолдарының жағдайы және жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
2.«Федоров ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:
-аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарының сапасына тиісті бақылауды жүзеге асырсын;
- аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстарын уақтылы ұйымдастырсын және жүргізсін.
3. Ауылдық округтердіңғ әкімдеріне ұсынылсын:
- жарамсыз болып қалған жол белгілерін уақтылы ауыстыруды және орнатуды жүргізсін, елді мекендердің ішіндегі жолдардағы жасанды жол кедергілерін тиісті жағдайға келтірсін.
4. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп 2027 жылғы 1 сәуірге дейін берілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
А.М. Байназаров
Осы қаулы бойынша, ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданының автомобиль жолдарының жағдайы және жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы» қаулы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.
А.М. Байназаров
«Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 47 « Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы » қаулысын орындау туралы» мәселе бойынша сөз Ленин ауылдық округінің әкімі Абай Аскарович Сейдахметовке беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.А. Сейдахметовтың сөзі/
А.М. Байназаров
Абай Аскаровичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
А.М. Байназаров
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ауданның уәкілетті органдары тарапынан қаулыны орындау бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілгенін атап өтеді.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар! Талқыланып отырған мәселе бойынша бізге қаулы қабылдау қажет, келесі жобаны ұсынамын:
1.Ленин ауылдық округінің әкімі Абай Аскарович Сейдахметовтың «Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 47 « Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы » қаулысын орындау туралы» ақпараты назарға алынсын.
2.Ленин ауылдық округінің әкіміне округтегі әлеуметтік нысандарды мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынылсын.
3.Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның аталған қаулысы бақылаудан алып тасталсын.
Басқа ұсыныстарыңыз болады ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Назарларыңызға рахмет.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы А. Байназаров