Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы - Елена Александровна Запорожану төрағалық етеді.
Е.А. Запорожану
Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілуде.
Комиссия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.
Күн тәртібіндегі мәселе: Федоров ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы.
Сөз Федоров ауылдық округінің әкімі Болат Арманович Бакитжановқа беріледі (баяндама комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/Б.А. Бакитжановтың сөзі/
Е.А. Запорожану
Болат Армановичке сұрақтарыңыз бар ма?
Б.Е. Исенгазин
Тұрғындар тарапынан кешкі және таңертеңгі уақытта көше жарықтарының уақытылы қосылып, өшірілуіне қатысты өтініштер түсуде. Жарықтандыруды қосу және өшіру жұмыстарын бақылайтын жауапты адам бар ма, себебі кейде жарықтың қосылуы немесе өшірілуі кешігіп жатады?
Б.А. Бакитжанов
Көше жарықтандыруының қазіргі кездегі қызмет көрсету жұмыстары Қостанай қаласының «СетиKZ» ұйымымен шарттық негізде жүзеге асырылады. Сондай-ақ штатқа уақыт релесін ауыстырып-қосатын электр маманы қабылданған. Округ бойынша барлығы 21 уақыт релесі бар, оның әрқайсысы ауылдық елді мекендерде бір-бірден, қалғаны аудан орталығында орналасқан. Жақында күзгі уақыт режиміне көштік: көше жарықтандыруы кешкі сағат 19:45-те қосылып, таңертеңгі уақытқа дейін жұмыс істейді. Электр энергиясы құнының қымбаттауына байланысты алдағы уақытта көше жарықтандыруының жұмыс уақытын қайта қарау және электр энергиясын үнемдеу режиміне көшу жоспарлануда.
Е.А. Запорожану
Болат Армановичке тағы сұрақтарыңыз болады ма?Жоқ.
Сөз Федоров аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Азамат Кожебаевич Богубаевқа беріледі (сөзі хаттамаға қоса беріледі).
/А.К. Богубаевтың сөзі/
Е.А. Запорожану
Азамат Кожебаевич, биыл аудандық аурухана мен Федоров ауылдық округінің медициналық ұйымдары үшін қандай медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды?
А.К. Богубаев
Биыл облыстық бюджет қаражаты есебінен медициналық жабдықтар сатып алынды. Атап айтқанда: маңдайға тағылатын жарықтандырғыш, дефибрилляторлар, эндоскопиялық үстел, операциялық үстел, гастровидеоскоп, мониторлар, гинекологиялық кресло және лапароскоп.
Сонымен қатар, мекеменің өз қаражаты есебінен СМАД аппараттары, лигатор және госпитальдық ақпараттың жаңа бөлімі үшін ламинарлық шкаф сатып алынды.
Е.А. Запорожану
Азамат Кожебаевичке тағы сұрақтарыңыз болады ма?Жоқ.
Сөз сөйлеу үшін Федоров ауданының полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Талгат Сенбаевич Синдагалиевке сөз беріледі (сөзі хаттамаға қоса беріледі).
/Т.С. Синдагалиевтың сөзі/
Е.А. Запорожану
Талгат Сенбаевичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыланған мәселе бойынша біз қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
1.Федоров ауылдық округінің әкімі Б.А. Бақытжановтың «Федоров ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» ақпараты назарға алынсын.
2.Федоров ауылдық округінің әкіміне ұсынылсын:
-салықтарды толық және уақтылы жинауды, ауылдық округ бюджетін сапалы жоспарлауды және оның орындалуын қамтамасыз етсін;
-ауылдық округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, жұмыс орындарын құруға және т.б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша жұмысты жүргізсін;
-жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстап, оларды шешу жолдарын қарастырсын;
-халықпен кездесулердің, жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етсін;
-елді мекендерді абаттандыру, аумақтардың санитариялық жағдайы мен күтіп-ұсталуын бақылау, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою және қоғамдық аумақтарды күтіп-ұстау жұмыстарын жалғастырсын;
-ауылдық округтің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмысты жалғастырып, балаларға, жастарға, қарт азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлсін.
3.Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат 2027 жылғы1 маусымға дейін ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Құрметті депутаттар, осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» тұрақты комиссияның қаулысы комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
Осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Назарларыңызға рахмет.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымыЕ. Запорожану