Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі хаттамасы

    Федоров аудандық мәслихатының аппараты

    Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

    Б.Е. Исенгазин

    Қайырлы күн!

    Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде.

    11 депутаттан сессияға 9 қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

    Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

    Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

    Сессиясының күн тәртібінде келесі мәселе ұсынылады:

    1.Мәслихаттың 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 179 «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

    2.Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

    3.Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    4.Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

    Күн тәртібін бекітуді ұсынамын.

    Басқа ұсыныстар бар ма? Жоқ.

    Егер басқа ұсыныстар болмаса, дауыс берулеріңізді сұраймын.

    Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалғандар бар ма?

    Бірауыздан қабылданды.

    «Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

    Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселе бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

    Мәселелерді қарауға көшеміз.

    «Мәслихаттың 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 179 «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені жаңа редакцияда жазу қажет.

    Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

    Дауыс беруіңізді сұраймын.

    Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

    Бірауыздан қабылданды.

    «Мәслихаттың 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 179 «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

    Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы».

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерді күші жойылды деп тану қажет.

    Құрметті депутаттар шешім жобасы бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

    Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

    Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

    Бірауыздан қабылданды.

    «Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

    Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қажет:

    № 813 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

    Жодь Андрей Леонидович.

    № 836 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

    Кульмухамбетова Бахыт Абдусаламовна.

    № 846 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

    Шаймарданова Ирина Эдгартовна.

    Құрметті депутаттар, шешім жобасы сіздердің қолдарыңызда бар.

    Дауыс беруіңізді сұраймын.

    Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

    Бірауыздан қабылданды.

    «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

    Күн тәртібінің соңғы мәселесі «Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

    Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамын жаңа редакцияда жазу қажет.

    Құрметті депутаттар, шешім жобасы сіздердің қолдарыңызда бар, ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

    Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

    Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

    Бірауыздан қабылданды.

    «Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

    Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

    Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

    Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

    Сессия жабық деп жарияланады.

    Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет.

    Федоров аудандық

    мәслихатының төрағасыБ. Исенгазин

    Жүктеу
    Протокол заседания внеочередной сессии Федоровского районного маслихата восьмого созыва от 18 сентября 2026 года
    DOCX · 29 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі хаттамасы

    Төрағалық етті –С.А. Баймурзина,ҚК төрайымы Қатысқандар:Н.А. Аслиева, М.Б. Ахметчин, А.А. Ворожеев, И.А. Бекмухамбетова, Е.А. Запорожану, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова Шақырылғандар: Р.Д. Баймурзин, Д.А. Бектыбаева, В.В. К...

    Ақпарат

    2026 жылдың IV-тоқсанында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ

    Лауазымы Т.А.Ә. Қабылдау күні мен уақыты Мекенжайы Федоров аудандықмәслихатының төрағасы ИсенгазинБерик Ескендирович сәрсенбі,09.00-18.00 Федоровка ауылы,Красноармейская көш.53, каб.№27 Федоров аудандық мәслихаты аппарат...

    Есеп

    2026 жылғы IІІ-тоқсанда «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі есебі

    2026 жылдың ІІІ-тоқсанында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ "е-Өтініш" АЖ-не жеке тұлғалардан 4 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: мемлекеттік органда 2 өтініш қаралды, құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға...

    Шешім

    Мәслихаттың 2026 жылғы 5 қазандағы № 279 "Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері болып сайлансын: № 797 у...

    Шешім

    Мәслихаттың 2026 жылғы 5 қазандағы № 278 "Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Округтік сайлау комиссияларының мүшелері болып сайлансын: № 2 окру...

    Қаулы

    2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 81 қаулы

    Федоров ауылдық округіндегіәлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Федоров ауылдық округінің әкімі Б.А...

    Федоров аудандық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Хаттама

    Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі хаттамасы

    Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы - Елена Александровна Запорожану төрағалық етеді. Е.А. Запорожану Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар! Бүгін аудандық мәслих...

    Федоров аудандық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 79 қаулы

    Федоров ауданының автомобиль жолдарының жағдайы және жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясыҚАУ...

    Федоров аудандық мәслихатының аппаратыЖарияланды: